Back

Өнер жолы – ауыр жол! Бұл сөзді ел алдында жүрген белгілі азаматтар мен азаматшалар жиі қайталайды. Алайда кинорежиссер Нұртас Адамбайдың пікірі бұған кереғар. Оның айтуынша, танымал “жұлдыз” болудың артықшылықтары көп. Ең бастысы, сөзім өтетіндіктен, халыққа көмектесе аламын дейді ол. Бұл жайында Stan.kz сайты хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан  ең соңғы үлгідегі қондырғыларымен жабдықталған «Бөрте-Милка» кешенді сүт фермасы таяуда сүт өңдеу зауытын іске қоспақ.

«Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғыртудың дара әрі сара жолы» , –  деді Райымбек ауданында өткен халықпен жүздесуде  Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы, ақпараттық түсіндіру  жұмыс тобының жетекшісі Айдар Башбаев.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына барған сапарымызда ауылшаруашылығы саласына шындап бет бұрып, жүзім өсіріп, мал басын көбейтіп отырған «Шыңғыс» шаруақожалығының жетекшісі Жиенбай Шыңғысов ағамызбен сұхбаттасудың сәті түсті. Жүзім бауының басына барғанымызда еңбегімен Оңтүстікке танылған ағамыз жүзімдерін баптап, жемістің жаңа сорттарын будандастырып жүргенінің үстінен түстік.  

Оңтүстік Қазақстан облысында мал шаруашылығы бағытында өсім байқалады. Мәселен, ірі қара малдың саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,8 пайызға артып 950 мың басты, қой мен ешкі 1 пайызға артып 4 млн. 252 мың басты, жылқы 19,5 пайызға көбейіп 291 мың басты, түйе 6,9 пайызға, яғни, 26 мың басты, ал құс саны 2,6 млн басты құраған.