Back

Қырғызстанда көмір бағасы көтіріліп, кінәлі Қазақстан билігі болып жатыр. Себебі Қазақстан көмірді көрші елге экспорттауды тоқтатқан әрі шекарадағы қиындықтан кейін, көмір бағасы шарықтап кеткен.

Үндістаннан келген инвесторлар Шығыс Қазақстанның Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасына көпір салуға ынта білдірді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде «Shapoorji Pallonji Kazakhstan» компаниясы жобаға қаражат салуға әзір екендіктерін жеткізді.  

Швейцарияның федералды прокуратурасы Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнәр Каримованың 2012 жылы бұғатталған ақшасына қатысты тергеу ісін енді аяқтады. Мәселе 800 миллион АҚШ долларына қатысты. Іс әлі сотқа берілмеді. Бірақ бұл ақшаға талас басталып кеткен.

ОҚО білім басқармасына қарасты №5 колледж ұжымының ұйымдастыруымен ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазанда №569 қаулысымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне қатысты кездесу өтті.