Back

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздің ардагер ұстаздары мен білім саласының мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады.

2017 жылғы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты мен ОҚО Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің конференция залында «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың жарқын болашағы» тақырыбында эксперттік талқылау өтті.

Облыстық "Жастар ресурстық орталығында" Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен жауапкершілікті, жаңашылдықты сіңдіру мақсатында «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукенмен жастардың кездесуі өтті.

Отырар ауданындағы «Алаш» этно ауылында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Салт-дәстүр ұлттық рухтың негізі» тақырыбы аясында облыс жастарының «Ауылдағы бір күнім» реалити байқауы өтті.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Шымкенттегі бірқатар нысандарды аралады. Үкімет басшысы алдымен «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де болып, Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту және қайта құрастыру  жобасының іске асу барысымен танысты. Нысандарды аралау кезінде Премьер-Министр пайдалануға берілген шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысынның жұмысын көріп шықты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС басшылығы Үкімет басшысына екінші кезең аясында қуаты жылына 2 млн тонна болатын мазутты және вакуумдық газойлды өңдеуге арналған RFCC каталитикалық крекинг кешеніндегі жұмыс барысы туралы баяндады.

Елімізде алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен дұрыс әрі тиімді тамақтанудың маңыздылығын оқушыларға түсіндіру мақсатында мектептерде денсаулық бұрыштарын жасау қолға алынды. Аталған шараның алғашқы үлгісі Шымкент қаласындағы №45 мектеп-гимназиясында өткен баспасөз көнференциясында таныстырылды.