Back

Өскеменде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы тауар өндірушілерінің қатысуымен «Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге арналған жиһаз өнімдері» көрмесі өтті.

Жақын арада аула аумақтарын абаттандыруға бағытталған ауқымды үшжылдық бағдарлама бастау алады. Көптің назарына ұсынылатын алғашқы аула ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша 15-қазанға дейін дайын болады деп күтілуде.

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім Abai.kz порталына өте тұшымды сұхбат беріпті. Солтүстіктегі ахуал, бұ жақтағы қазақ тілінің жағдайы туралы айтыпты. Көшім бар, Жұмалы бар, Сарым бар тағы басқа азаматтар осымен төртінші жыл еліміздегі орысы көп шоғырланған елді мекендеріне барып, мемлекеттік тілге қатысты жиындар өткізуде екен.

Биыл мақтаралдық «Мырзакент» мақта тазалау зауыты мақта талшығын дайындауда рекордттық көрсеткішке қол жеткізуі мүмкін. Бұл межеге жету үшін кәсіпорынға АҚШ-тың «Люмус Корпорайшн» компаниясынан сатып алып орнатқан қондырғысы көмектеспек. Өңірдегі мақта зауыттарымен салыстырғанда бұл өндірістің еңбек өнімділігі 30 пайызға жоғары.

Осы күнге дейін отандық басылымдарда Асхат Садырбайдың жеке өміріне қатысты көптеген мақала жарық көрген болатын. Тележүргізушінің айтуынша, олардың ешбірі шындыққа жанаспайды. Осы орайда, ол әріптестеріне ренішін жеткізді. Бұл жайында ikerim.kz сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасында мемлекеттік сапарының аясында маңызды келіссөздер жүргізіліп, бірқатар келісімдерге қол қойылды. Өзбекстан елімен шекаралас Оңтүстік Қазақстан облысы үшін де бұл сапардың орны ерекше болды. Сондықтан да қазақстандық ресми делегацияның құрамында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевта қатысты.