Back

Биылғы маусымда Көксу қант зауытына автокеруенмен алғашқы тәтті түбір әкелінді. Бірінші болып Қапшағай қаласының қызылшашылары 50 тоннадан астам қант қызылшасын жеткізді. Шаруалар мен өңдеушілерді бұл қуанышты сәтпен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сексембай Бекішов құттықтады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көрмені өткізу кезеңінде 630-дан аса сауда нүктесі кәдесый өнімдерін сатумен айналысты. Бұл туралы Астана Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Рыскүл Қауғабаеваға сілтемемен астана әкімшілігінің медиа-орталығы хабарлады.

Төрткүл дүние көз тіккен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Қазақстанның технологиялық жаңғыруына негіз болуда. Әсіресе елордамыз Астананы өркендетуде көрме кезіндегі технологияларды пайдалану маңызды болып тұрғаны сөзсіз. Таяуда Астана қаласының мәслихатының кезекті сессиясында қала басшысы Әсет Исекешев ЭКСПО-ның Астананы дамытуға өте пайдалы болғанын атап өтті.

Аймақ басшысы облыстық әкімдік отырысында таза ауыз сумен қамту мәселесіне аудан әкімдерінің білек сыбана, белсенді түрде кірісуін тапсырды. Қазіргі таңда өкінішке орай, Көкпекті, Жарма, Ұлан және Тарбағатай аудандарында бұл бағыттағы жұмыстар ақсап тұр.

Бүгін Шымкентте «Кредиттік кооперация. Ерекшелігін біл!» атты тақырыпта еліміздегі кредиттік серіктестіктердің халықаралық І-форумы өтті. Шараны еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды.  Форум жұмысын ашып берген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.

Семейде абаттандыруға бағытталған ауқымды жұмыс қызу жүріп жатыр. Бірегей «Абай-арена» кешені бой көтеретін жаңа «Қарағайлы» шағын ауданы алдағы таңда қаланың ең көрікті жеріне айналмақ.

Өскенмен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысып жатқан жұмысшы тобының мүшелерімен кездесу болып өтті. Жүздесуде облыс аумағындағы ғылымды дамытудың маңызды мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында облыстық әкімдік пен «Тарлан батырлары» ЖШС арасында Семей қаласында спорттың күштік түрлерінен сервистік қызмет көрсету және жаттығу барысын ұйымдастыру туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының және облыс аумағында әрекет ететін тілдерді оқыту орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды.