Back

Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары биылғы жылдың сегіз айында 1153 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 391 алтын медаль болса, 384-і күміс, ал 378 қола медаль. Оның арасында 51-і Азия чемпионы, ал 9 әлем чемпионы. Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникацилар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев  мәлімдеді.

10 жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты бүгін қант қызылшасының алғашқы легін қабылдады. Сарқан ауданының «Мажикс» СДО алқабынан дайындау пунктіне 80 тонна тәтті түбір жеткізілді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатынан соң ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов депутат Бақытжан Әбдірайымның қазақ тілінде сөйлеуге қатысты сынына жауап берді

Талдықорған әкімінің бірінші орынбасары Асқар Тутубаев өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелге сілтеме жасап.

Айтыстың аққуы атанған Айнұр Тұрсынбаева желіде кезекті жазбасымен бөлісіп, оқырмандарын терең ойға салып қойды. Айтыскер ақын басынан өткен оқиғасын баяндап, желідегілерге өзінің қателігін қайталамауға кеңес берді, деп жазады Stan.kz.