Back

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өңірдегі іскер азаматтармен кездесті.

«Электронды үкімет» веб-порталында электронды қызметтерді пайдалану және ЭЦҚ алу тәртібін түсіндіру үшін аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Е.Бөлебай мен Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Н.Омаров ауыл тұрғындарымен кездесіп, жиын өткізді. Түсіндіру шаралары 10 ауыл округінде де ұйымдастырылды.

Мақтарал ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және электронды түрде көрсетілетін қызметтер үлесін арттыру жөніндегі мәжіліс өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тегембаев жүргізен жиынға қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық қызмет ұсынушы бөлімдердің басшылары, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері және қызмет алушы тұрғындар жиынға қатысты.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басшысы Бағдат Мусин Алматыда iPhone смартфондарын қолдан жасап сатқан жастарды соттамау керектігін айтып отыр. Мұндай пікірін комитет төрағасы өзінің Facebook-парақшасына жазған.