Back

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары  «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл үйірер қауын - қарбыздан дәм татқызу.

Оңтүстіктің белсенді және талантты жастары Астанағы Оңтүстік өңірінің күндері аясында жергілікті жұртты ертеңгі Құрбан айт мейрамымен құттықтап, жергілікті халық пен шетелдік қонақтарға 5000 қалташа  яғни, 450 келі тəтті тоқаш таратты.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында астаналық цирк сүйер көрерменге «Оңтүстік-Цирк» мекемесі «Томирис» қойылымын тарту етті. Бұл қойылым еліміздегі цирктер тарихында тұңғыш рет қолға алынған тарихи – театрландырылған көрініс болып саналады.

Елордадағы Оңтүстік күндерінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға келген қонақтар қонақжай күнгей жұртының ерекше сыйына куә болды. Яғни, бас қаланың төрінде оңтүстікқазақстандық өнертапқыш Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy» екі данасы қойылып, онда ұлттық сусындарымыз – қымыз, қымыран және құрт, түстік аймақтың дархан даласында пісіп жетілген жеміс-жидектер шараға келушілерге тегін таратылып, бір сәт арқа-жарқа күйге енді.

Бүгін Елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында жалпы жұртшылыққа арналған «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» атты облыстың өнер шеберлерінің гала-концерті өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында «Қазақстан» орталық концерт залының фойесінде «Жер кіндігі Қазығұрт» атты көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесі өтуде. Елбасының «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауға арналған шараның мақсаты -  Астана қонақтары мен жұртшылығын Оңтүстіктің тарихи шежіресімен шығармаларымен таныстыру.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдің еңбек ардагерлерімен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы бұл бейресми кездесуді Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының лауреаты, атақты журналист Бейсен Құранбек жүргізді, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде «ІІІ қайырымдылық Гранд балын өткізуге дайындық барысы» тақырыбында брифинг өтті. Брифингке БҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма  басшысы А.Сакошев, «Ақиқат» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі М.Сүлейменов, «Аялы алақан» қайырымдылық қорының директоры Р.Хайрушева, аталмыш жоба авторы А.Шаримов пен жоба директоры, хореогроф-балетмейстер Қ.Қадырбекова қатысты.

Мақтарал ауданында "Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі" атты педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ғ.Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков, облыстық Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің басшысы Н.Қалиева, аудандық "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Байдуллаев қатысты.