Back

Қазақтың үш биінің кеудесін аяғымен басып, саусақтарын шошайтып отырған қытайдың мына қылығын қалай түсінуге болады? Журналист Ұларбек Дәлейұлының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған суреттер жұрттың ашу-ызасын туғызып жатыр. 

Танымал экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Қазақстан халқы ассамблеясының қазақ қоғамына қажет болмай қалғанын айтып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында маңызды болған осынау институт бүгінде театрландырылған қойылымға ұқсап барады дейді ол өзінің Facebook-парақшасында.