Back

Атышулы 91 тобы мен ақын Ринат Зайытовтың арасындағы айтыс-тартыс былтырғы жылдың аяғында басталған-тұғын. Биылғы жылы ерекше күшейді. Жастардың киім-киісі мен жүріс-тұрысына қатысты сын айтқан Ринаттың сөзінен кейін күллі халық Ninety One-нің жауына айналып шыға келді.

Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы Сыр өңірінің студент жастармен бірнеше кездесу өткізіп, кездесу барысында ұлы Абайдың қарасөздері мен өлеңдеріндегі адам тәрбиесіне байланысты тағылымды ойларын ортаға салды. Кездесу аясында Alashinform порталының тілшілері ғалымды сұхбатқа тартып, тарихтағы тың тақырыптарға қозғау салыпты.

Журналист Жанболат Мамай Путинді сынаймын деп басы бәлеге қалған ақтөбелік Санат Досовтың жағдайына қатысты пікірін білдіріпті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған екен.