Back

Атырауда белгісіз азамат көшенің қақ ортасында жұрттың көзінше өзінің тамағы мен ішін пышақтап, қан-жоса етті. Оқиға  Атыраудағы «Рахат» ауданында  өткен сенбі күні болған.

Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстанға көшіп барған кей тұрғындар уәделі көмекті әлі алмай, күнкөрістері қиындағанын айтады. Жергілікті билік бұл жағдайды тұрғындардың өздерінен көреді.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Ресей құрамасын тұтастай Риода өтетін Олимпиада ойындарынан шеттетті. Бұл туралы ақпарат федерациясының ресми сайтында жарияланды.

Қазақстандағы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, аты аңызға айналған Мұстафа Өзтүріктің тіл туралы айтқан пікірі әлі күнге дейін өзекті. 1990-шы жылы елге оралған Мұстафа Қазақстандағы қазақ тілінің аянышты халіне қынжылыс білдіріпті. Сонымен ол не деді? 

28 шілдеде Астана қаласы бойынша Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет департаменті кәсіпкерлерден жалпы сомасы 2,1 млн теңге пара алу (2 мәрте) кезінде елордалық әкімдіктің Жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Е.Н. Сүлейменов қылмыс үстінде ұсталды.