Атом электр станциялары туралы не білеміз?

Dalanews 21 желт. 2022 14:11 1765

Атом электр станциясының құрылымын, неден тұратынын, қалай жұмыс істейтінін білеміз бе? Көбіміз білмейміз.

Қазіргі АЭС - 3 және 3+ буынды технологияларға негізделген. Ондағы апаттың ықтималдығы жетінші дәрежелі деңгейге жатады. Яғни, бұл 10 миллион жыл ішінде бір ғана апат болуы мүмкін дегенді білдіреді. Атом станциясының қауіпсіздік деңгейі авиациялық көлік сияқты қауіпсіздіктен әлдеқайда жоғары.

Атом станциясында апаттың болғанынан гөрі, әуе ұшағында мың есе көп апатқа ұшырауыңыз мүмкін. Адамзат -оның алдында АЭС-терде болған аварияларды саралап, осы жағдайға келіп отыр.

Барлық соңғы ғылыми жаңалықтар мен база техногенді, адам қолымен жасалатын, радиоактивті апатты жағдайлардың алдын-алуға бағытталды.


Нәтижесінде, АЭС – әлемдегі ең қауіпсіз нысандардың бірі деп айтуға болады. Аталған бейнеде сіз АЭС құрылысымен терең таныса аласыз.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x