Бағалау қызметі – нарықтық экономиканың маңызды институты болып саналады

Dalanews 25 мам. 2023 05:04 270

Жақында Түркістан қаласында өтетін Орталық Азия және Түркі әлемі бағалаушыларының Бірінші халықаралық форумы қарсаңында «Қазақстанның бағалаушылар достастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымы, Бағалаушылар палатасының Басқарма төрағасы Асқар Омарбеков Қазақстандағы бағалау қызметінің қалыптасу тарихы және бағалаушы мамандығы туралы Dalanews.kz оқырмандарына айтып берді. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау, өзін-өзі реттеу бағалау институтының дамуына қалай әсер ететіні және Орталық Азия және түркі әлемі бағалаушылардың Бірінші халықаралық форумының кәсіби сала үшін маңыздылығына да тоқталып өтті.

 

– Еліміздегі бағалау қызметінің қалыптасу және даму тарихы.  Бағалаушы мамандығының кәсіби қызмет субъектісі ретіндегі рөлі қандай?

– Қазақстанда бағалау қызметінің қалыптасу тарихы 1995 жылы облыс пен қалалық деңгейдегі жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасының құрылуынан басталады.

1997 жылы ҚР Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi құрылып, оның басты қызметі мен мiндеттерiне жылжымайтын мүлiктi бағалау жатты. Кейіннен жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасы «ҚР Әділет министрлігінің Жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу агенттігінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылды.

Бағалаушы мамандығының маңыздылығын ескере отырып, 1997 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бағалаушыға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiткен болатын. Осылайша осы кәсiпке ерекше мәртебе берілдi. Ел өміріндегі жаңа өзгерістер мен нарықтық қатынастардың дамуына сәйкес, 2000 жылғы 30 қарашада «ҚР Бағалау қызметі туралы» Заңы қабылданып, еліміздегі бағалау қызметі заңнамалық тұрғыда өз құқығын алды. Бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган ҚР Әділет министрлігі.

Жоғары білікті мамандарды даярлайтын институттар мен университеттердің экономика факультеттерінің оқу бағдарламасының тізбесінде салалар бойынша «Бағалау» мамандығы пайда болып, Қазақстанның экономика секторында жаңа бағыт қалыптасады.

2005 жылға қарай белсенді ипотекалық несие беру және тұтастай алғанда банк секторын дамыту процесі басталғанын ескеріп, бағалаушы кәсібінің қалыптасуы мен дамуы уақтылы және өзекті болды. Бағалаушы қызметінің жұмысы: шығаратын құжат, бағалау туралы есеп, қарыз қаражатын беру үшін банк және кредит мекемелерінің шешімдерін қалыптастыру негізінде жүргізілді, бұл тиісінше нарықтық экономиканың дербес және маңызды институты ретіндегі мамандықтың одан әрі дамуын өзектендірді.

2018 жылы өзін-өзі реттеуге көшу бойынша бағалау қызметі кәсіби саладағы бірінші қарлығаш болды, 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданғаннан кейін және заңда бекітілген жаңа талаптар мен тетіктерді іске асыру бойынша елеулі «проблемаларға» тап болды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган болды.

Бұл өзгерістер бағалаушылардың кәсіби қызметіне мемлекеттік араласуды шектеуге және тұтастай алғанда өзін-өзі реттеуді дамытуға, тұтынушылардың құқықтарын, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, бағалау қызметі субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, бағалау сапасын арттыруға және бағалау қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталған.

– Бағалау қызметінің дамуына қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан шаралар қарастырылған ба? Өзін-өзі реттеудің тұтастай бағалау институтының дамуына әсері қандай?

– Бұдан бұрын айтылғандай, 2018 жылы бағалау қызметі саласына енгізілген өзін-өзі реттеу – Қазақстандағы бағалау қызметін дамытудың жаңа кезеңі болды.

Бағалау қызметі нарықтық жүйеге тікелей ықпал ететін экономиканың қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі бола отырып, кәсіпкерлік және кәсіби қызмет жүйесінде маңызды рөлге ие болуда.

Бағалаушылар палаталарының қатысуымен бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бағалау стандарттарын, қағидаларын бекіту, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу, бағалаушылар палаталарына өз мүшелерін бақылауды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер беру, түсіндіру жұмыстары және т.б. нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетеді.

Өзін-өзі реттеуді енгізумен бағалаушылар палаталары сала үшін кадрлар даярлау және оны жетілдіру бойынша оқыту, біліктілікті арттыру, сапаны бақылау және т.б. саясатты өз бетінше жүргізе бастады.

Қазір бағалаушы деп бағалаушылар палаталарының бірінің мүшесі болып табылатын және «бағалаушы» біліктілігін растайтын куәлігі бар жеке тұлға танылады.

Біздің бағалаушыларымыз біліктілігін үздіксіз арттыруда және біз де оны талап етеміз. Қазақстандық бағалаушылар палаталары Грузия, Армения, Белоруссия, Өзбекстан, Ресей және т.б. елдің танымал мамандарын, ғалымдарын дәріс оқуға шақырады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 4 бағалаушылар палатасы тіркелген.

Заңнаманы, этикалық нормаларды сақтау бойынша бағалаушылардың қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды іске асыру үшін бағалаушылар палаталарына кәсіби қоғамдастық ішінде туындайтын қақтығыстарды өз бетінше шешуге мүмкіндік беретін әртүрлі ықпал ету және реттеу құралдарын қалыптастыруға құқық берілді.

Өзін-өзі реттеу институты жұмыста жаңа форматтарды енгізу, кәсіби мәселелерді шешуде жаңа көзқарастар қалыптастыру, сондай-ақ мемлекет пен кәсіби бірлестік арасында әріптестік платформасын құру мүмкіндіктерін бере отырып, бағалау саласын дамытуға және жетілдіруге оң ықпал етеді.

– Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО), Түркі мемлекеттері ұйымына, Шанхай достастық ұйымына (ШОС) және т.б. интеграциялық мәселелерді дамытуды ескере отырып, бүгінде Қазақстанның бағалаушылары шетелдік бағалаушылармен лайықты бәсекелесуге дайын деп айтуға бола ма? Қазақстандық бағалаушылардың халықаралық жобаларға қатысу жиілігі қандай?

– Әрине, біздің еліміздің халықаралық байланыстарының дамуы бағалау қызметіне де әсер ететіні сөзсіз.

Көптеген әріптестеріміз: Корольдік сюрвейерлер қоғамдастығы RICS, Еуропалық бағалаушылар қауымдастығы тобы (TeGOVA), Американдық бағалаушылар қоғамы (ASA) және т.б. халықаралық кәсіби ұйымдардың мүшелері болып табылады және бағалау бойынша халықаралық жобаларға үнемі қатысады. Біздің бағалаушылар халықаралық алаңдарда өздерін лайықты көрсетіп, қоғамда жоғары сенімге ие болуда.

Әлемде болып жатқан өзгерістер, бизнес-алаңдардың жаңа секторларын қалыптастыру, нарықтың ірі ойыншыларын Азияға, Африкаға, Латын Америкасы елдеріне бағдарлау үрдісіне экономиканың барлық салаларында, соның ішінде бағалауда. Азия мен Еуропа арасындағы көпір болып табылатын, ежелгі түркі тамыры бар және егемен халықаралық субъект ретінде қалыптасқан ел ретінде біз, сөзсіз, белсенді қатысуымыз керек екенін атап өткен жөн.

– Сіз Қазақстандағы бағалау қызметі саласындағы бірден-бір ірі кәсіби бірлестіктің жетекшісі ретінде Орталық Азия мен Түркі әлемі бағалаушыларының бірінші халықаралық форумын  ұйымдастырушысы болып табыласыз. Осы іс-шараға жан-жақты тоқталып өтсеңіз. Оның кәсіби сала мен жалпы қоғам үшін маңызы қандай?

– Орталық Азия мен Түркі әлемі бағалаушыларының бірінші халықаралық форумы – бұл іскерлік ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде бағалау қызметінде де түркітілдес мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және кеңінен дамытуға бағытталған іс-шара. Түркі әлемінің тарихи және мәдени мұрасын және түркі мемлекеттерімен ынтымақтастық қатынастың артып келе жатқанын ескере отырып, түркі мемлекеттері бағалаушы палаталарының тығыз және үйлестірілген өзара іс-қимылы туралы пікірге келдік.

Бұл Форум 2023 жылғы 01-03 маусым аралығында қасиетті Түркістан қаласында өткізіледі. Түркістан қаласы кездейсоқ таңдалмаған. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2021 жылдың сәуір айында өткен Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы ретінде ресми түрде жариялағаны баршаға мәлім. Сондықтан да біз Форумды киелі қаланың тарихи маңызын ескере отырып, қасиетті Түркістанда оның Ұлы мұраларымен бастауды жөн санадық.

Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы мәселелерінің жандануына – Түркі мемлекеттері ұйымын (OTГ) құруға байланысты оның шеңберінде Түркі мемлекеттерінің банктік қауымдастықтары кеңесі құрылды.

Біртұтас саясаттың қалыптасу үрдісін ескере отырып, біз де кәсіби қызметтің жаңа субъектісін – Түркі Бағалаушылар Кеңесін (TСO) құру туралы тұжырым жасадық.

Орталық Азия мен Түркі әлемін бағалаушылардың бірінші халықаралық форумы аясында Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның бағалау қызметі саласындағы кәсіби бірлестіктердің өкілдері (TСO) құру туралы Келісімге қол қояды.

Түркі бағалаушылар кеңесінің қызметі түркі мемлекеттерінің бағалаушылар палаталары мен оларға мүше ұйымдар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталатын болады: бағалау қызметі және қаржы саласында саммиттердің, форумдардың, конференциялардың, семинарлардың, вебинарлардың және т.б. жалпы платформаларын ұйымдастыру; тренингтер мен тәжірибе алмасу бағдарламаларын ұйымдастыруды; бағалау қызметі саласындағы ағымдағы қаржылық, экономикалық деректермен, нормативтік-құқықтық актілермен және басқа да тиісті ақпаратпен алмасу; қатысушылардың экономикалық кеңістігінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және капиталдардың қозғалысын жоғары сапалы бағалау (бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді) сүйемелдеуді кеңейту үшін алғышарттар қалыптастыру; бағалау қызметінің ұлттық нарықтарын интеграциялау туралы бастамаларды әзірлеу, жүзеге асыру/қолдау жөніндегі ынтымақтастық; бағалаушыларды халықаралық сертификаттау саласындағы ынтымақтастық; және т.б.

Бұл біздің бағалаушыларға оқыту, сертификаттау және тәжірибе алмасу тұрғысынан үлкен көмек болады деп ойлаймын. Түркі бағалаушылар кеңесін құру және оның қызметі елімізде және жалпы өңірде бағалау қызметін дамыту үшін тағы бір қадам болмақ.

– Біздің елімізде бағалау институтын одан әрі дамыту жөніндегі сіздің кәсіби пайымдауыңыз қандай?

– Әрине, нарықтық экономика жүйесі бағалау институтынсыз жұмыс жасай алмайды, бағалау қызметі мемлекеттік бағдарламалық құжаттарда айқындалғандай экономиканың басқа институттарын нығайтуға ықпал ететін тұрақты дамуды талап етеді. Ал бұл бағалау қызметін реттеу мәселелеріндегі мемлекет пен кәсіби қоғамдастықтың рөлі мен орнын заңнамалық айқындау қажеттілігін туындатады.

Бағалау қызметі саласына енгізілген өзін-өзі реттеу кәсіби қызметтің нәтижелері үшін жеке жауапкершілікті арттыруға, қызметтің реттеуші стандарттары мен ережелерін әзірлеуге, кәсіптің ашықтығы мен туындайтын даулар мен проблемаларды дербес реттеуге бастама берді.

Инвестициялық жобаларда және кәсіпкерлік субъектілерін дамытуда маңызды рөл атқаратын бағалау қызметінің ерекшелігін ескере отырып, сондай-ақ серпінді дамып келе жатқан мамандық бола отырып, біздің еліміздің кәсіби бағалаушылар қоғамдастығы үкімет алдына қойылған міндеттерді іске асыру бойынша күш-жігерін жұмсайтыны және кәсіпкерлікке кәсіби қолдау көрсететіні сөзсіз.

Қазақстанның 20 жылдан астам даму кезеңіндегі бағалау қызметі салада жүргізіліп жатқан оң өзгерістерді анықтады және нарықтың бағытына сәйкес, кәсіби бағалаушылар мен кәсіби қоғамдастықтардың ұсыныстарын ескере отырып, одан әрі жетілдіруге дайын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x