АБДУЛЛАҺТЫҢ АҚЫРЫ

Dalanews 31 қаң. 2015 02:24 267

[caption id="attachment_8915" align="alignright" width="448"]абдуллах 2 Сауд Арабияның королі 91 жасқа қараған шағында қайтыс болды[/caption]

Біз Сауд Арабия туралы ойланбай тұра алмаймыз

Авторы Joan SMITH


(The independent басылымынан аударған Болатбек КЕРІМҰЛЫ)


Ашық-әшкере адамдарды аяусыз жазалап, әлемге діни радикализмді тықпалайтын бір елдің сайланбаған көсемін не деп атау керек?! Егер ол өзін өзі Ислам мемлекетінің халифасы етіп сайлап алған Әбу Бәкір әл Бағдади болса “әлемдегі ең атышулы террористердің бірі” деп аталар еді. Ал, ол Абдулла ибн Абдул-Азиз әл-Сауд король болса ше? Онда оны “мәртебелім” деп атағанымыз оң болар еді.
Кеше Уэльстің ханзадасы мен Бас министрі Салманның жартылай (шешесі бөлек) інісі Абдуллаһқа коңіл айтуға Эр-Риядта бой көрсетті. Абдуллаһтың қазасы жұма күні жаря етілген болатын. 90 жас жасаған Абдуллаһтың өлімі әлем көсемдерінің арасындағы жиіркенішті екіжүзділікті көрсетіп берді.
Дэвид Кэмерон марқұм патшаның «Аралық сенім-түсіністіктерді күшейту» жағындағы құлшыныстарын алқап жатқан кезде, Ұлыбритания үкімет ғимаратының мемлекет туы жартылай түсірілді. Бас министр мырза мұсылманша жазылмаған материалдарды шектеп, діннен безуді ең ауыр қылмыс деп санайтын Сауди режимінің басқа сенімдерге қызығушылық танытқандығын дәлелімен көрсете алса жарар еді.
Екі аптаның алдында ғана, Әл-Каида ұйымының терроршыларынан зардап шеккендермен ынтымақтаса отырып, Парижге марш қадамымен кірген дәл осы Дэвид Кэмерон болатын. Сосын, ол Сауд Арабиясындағы адам құқығы мен сөз бостандығының шектеліп отырғаны жайында есіл сөзін аямаған еді. Парижге бармай, орны ойсырап қалған Барак Обама да осы абсолютты патшаны мадақтауға уақыт таба білді әрі АҚШ пен Сауд Арабия қатынасын «Орта шығыстың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне арналған күш» деп құптады. Оның мемлекет хатшысы Джон Керри твиттерінде бұл қаза тапқан арысты : «Ақыл-парасаттың иесі еді», -деп жазды. Ол, тіпті: «Әлем біртуар көсемінен айырылды», - деп ағынан ақтарылды.
Бір қызығы, бұл қарбалас кісілердің ешқайсысыда екі аптаның алдындағы соғылған 50 дүреден әлі есін жия алмағаны үшін қалған дүресі кешіктірілген Сауд Арабиялық блогер Райф Бадауиді тілге тиек етуге уақыт шығара алмады. Бадауиге берілген аяусыз жазаның өзі демократиялық елдердің Арабия патшалығына қандай көзқараста екендігін паш етті. Ханзада Чарльз былтыр ақпан айында Эр-Рияд та ұлттық халатпен нағыз ақымақтарша қанжар биіне қатынасқан кезінде, Сауди ақсұйектеріне жақындасудың бірде-бір орайын құр жібермеген еді. Алты айдан соң Чарльздың Сауд Арабиялық достары үш аптаның ішінде 20-дан астам адамды бір жақтылы еткенде, ол достарына қарсы бір ауыз сөз айтпады. Олардың басым көп сандысының бастары алынған. Чарльз ханзаданың билеген кезіндегі қолына ұстаған қанжарымен алынбаған болса екен, әйтеуір.
Абдулланы «Реформашы» деп танитын адамдардың ешқайсысы да патшалықтың адам құқығын аяқ асты еткені жайлы қорқынышты естеліктерге байланысты ештеме айтқан жоқ. Әлде, олар жуырдағы Сауди офицерінің қан көшеде бирмалық әйелдің басын шыңғыртып қойып кесіп алған видеосын білмей ме? Осы режимнің әйелдерді қорсанайтын құрсауланған идеясының көрінісі деп мынаны айтсақ та болады, әйел жүргізушілерге қойылған оғаш шектемелерге қайшы келген саудилық екі әйел өз істерін террористік сотқа жөнелткен еді. Халықаралық қаржы ұйымының бастығы Кристин Лагард Абдуллаһты «әйелдердің қамқоршысы» деп суреттегенде, зайыры, не ойлады екен?
Бұл Патшалық - Сауди әулетіне билік беріп, оны қорғаштаған Исламның ұшқары формасы уаһаббизмның ошағы болды . Саудилықтардың ашық-әшкере кісі өлтіруге құштарлықтары, қорқынышты тағдыр кешкелі тұрған батыстық барымталанушылардың видеосымен жер-әлемді дүрліктірген өздерінің қас жауы Isis(Ислам мемлекеті)-дікінен кем түспейді.

Ең өрескелі, Сауди ақсұйек әулетінің Әл-Каида және оның тармақтарының келіп шығуына себепкер болған өздерінің құрсауланған идеясы екенін ешкім растай алмады. Бұл Патшалық - Сауди әулетіне билік беріп, оны қорғаштаған Исламның ұшқары формасы уаһаббизмның ошағы болды . Саудилықтардың ашық-әшкере кісі өлтіруге құштарлықтары, қорқынышты тағдыр кешкелі тұрған батыстық барымталанушылардың видеосымен жер-әлемді дүрліктірген өздерінің қас жауы Isis(Ислам мемлекеті)-дікінен кем түспейді. Жұрт ИМ бұны қайдан қабылдады деп ойлайды екен? Ал-Каида немесе Ислам мемлекеті болсын, екеуі де негізінен Сауд Арабиядан еш айырмасыз қиялдарындағы халифаттарын қайта құрғысы келеді.
Заңды оппозицияға уәкілдік еткен әр қандай адамға жүйелі түрде қоқан-лоққы жасап отырған Сауди ақсұйектері: «Бізсіз күндерің қараң» деп ескертеді. Олар шетелдік одақтастарын реформа енгізуді қатты қалаймыз деумен сендіріп, талай жылды жым-жылас өткізді. Бірақ, ел жағдайы бұл реформаларға дайын емес еді. Осы ақсұйек әулеттің қарулы күштер мен барлау қызметтерінің болат тұтқасын уысында ұстап тұрғаны елге ешбір күмән тудырмайтын шығар.
Сауд Арабияның Осама Бен Ладен тобы және басқа Саудилық жастарды Ауғанстанға соғысқа жіберіп, әлемді шарпыған ''Джиһад'' қозғалысын үкілеп отырғанын бәріміз білеміз. Содан бастап уаһаббист идеологиясы Орта Шығыста, Африкада, Америкада, сондай-ақ, Еуропа астаналарының жол тарауларында жай халыққа бағытталған қорқынышты шабуылдардың білтесін тұтандырды . Сауд Арабиялықтарға жағымсу 11 қыркүйек оқиғасын, 7 шілдеде болған Мадридтағы бомбылауды, Chibok-тік қыздардың барымталануы мен Charlie Hebdo-дағы қырғыншылықты да тоқтата алмады. Уаһаббизм – заманның бас ауруы. Ал, екіжүзды ақсұйек әулетіне ие Сауд Арабия – қауіп-қатердің ошағы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x