Сталиннің немересі: Билік басында ұрылар отыр

Dalanews 30 қаң. 2015 05:02 219

[caption id="attachment_8894" align="alignleft" width="293"]060427162203b Евгений Джугашвили[/caption]

Ағылшын басылымы Daily Mail-ға сұхбат берген Сталиннің немересі Евгений Джугашвили Путиннің саясатын жерден алып, жерге салыпты. Анығырақ айтсақ, Джугашвили Мәскеудің әзіргі әрекетін «ақымақ» саясатқа балаған.

Украинаға қарсы соғыс ашып, Қырымды қол астына қаратқаны үшін Путинді айыптаймын. Ал Кремльдегі өзін саяси элита санайтындардың дерлігі ұры, олар ресейліктердің басын айналдырып отыр. Ал Путин саясатқа қарағанда, өзіне, өзінің имиджіне көп көңіл бөледі. Шынымды айтсам, оның не істеп жатқанын, алдына қандай мақсат қойғанын түсінбеймін. Алды да бізді бауырлас ұлтпен араздастырып тастады (Украина). Бізде қазір көшбасшы, тура жолға түсіретін жетекші жоқ. Жүйе ұрылардан тұрады.

Ал Қырым соншалықты қажет болып жатса оны күшпен емес, заң жолымен қайтару керек еді. Айталық, Қырымды УКСР-ға бергендегі Никита Хрущевтің әрекеті қаншалықты заңды болды және бұл қандай жағдайда жүзеге асырылды?

Ең болмағанда түбекті сатып алуға болар еді ғой? Білмеймін...әйтеуір территорияны соғыспен, күшпен тартып алатындай емес, басқандай әдіс-амалды іздестіру керек еді. Енді олар Жаңаресейді жыр қылып жатыр. Бірақ қазір бұрынғы дәуір емес қой. 21 ғасырда өмір сүреміз. Ал біздің басшылардың ойлау деңгейі, саяси сауаты өткен ғасырдағы шалағай шешімдерді еске түсіреді.

Сосын Ресейдің газ бағасын мың құбылтып Украинаны бопсалайтын ешқандай құқы жоқ.  Бір кезгі КСРО құрамындағы ел ретінде украиндар да...беларустер де орыстың қазына-байлығын ортақ қолдануға құқылы.

Екінші дүниежүзілік соғыстың тұсында орыстар, украиндер, белорустар және басқа да ұлт өкілдері Қызыл әскердің құрамында фашизмге қарсы күресті. Қызыл империяның мол (қазба) байлығын қорғап қалды. КСРО құлағаннан кейін бір-бірімізден алыстап кеттік. Украинаға осы қазына байлықты арзан бағада сатса болар еді ғой? Олар да осы иен жердің байлығын қасық қаны қалғанша қорғады емес пе? Әділдік қайда? Әділдік жоқ. Өйткені билік басында ұрылар отыр.

Ал Путин ресейліктердің басын айналдырып алған, бейкүнә түр жасап халықтың аянышын туғызғысы келеді. Әйтпесе, анау бір Песковтың (Путиннің баспасөз хатшысы) "Батыс Путиннің билігін құлатқысы келеді" дегені не сандырақ?

Біз Путиннің шаңғы тепкенін көрдік пе, көрдік. Тіпті, сүңгуір қайыққа отырды. Көйлексіз жүрген кезіне де куәміз. Бұл оны ақылсыздығы, ақымақтығы. Олар елдің аянышынан тұратын тұратын қамал тұрғызғысы келеді. «Біздің Путинді ешкімге бермейміз» деп айтқанын қалайды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x