ӨСУ МЕН ҚҰЛДЫРАУ

Dalanews 24 қаң. 2015 04:34 187

Серік Ахметов. Кезінде қарапайым токарьдан еліміздегі «екінші» адамға дейін көтерілген саяси тұлғалардың бірі. Бірақ, саясат сахнасында ұзақ аялдай алған жоқ. Қателік жіберді. Жаңсақ басты. Айыпталды. Атына кір келді. Салдары белгілі, себебін ізделік.

IMG_8390Дәурен Сәкенұлы,

саясаттанушы

Ахметовтың саяси сахнадағы ғұмырын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Ол – премьердің орынбасары болғанға дейінгі және премьерлік қызметтегі кезең.

Үкіметбасының орынбасары болған уақыт оның кемелденген кезеңіне сай келді. Осы уақытта Ахметовтың саяси салмағы артып, біршама беделге ие болды. Мұндайда ара-тұра төбе көрсетіп қою маңызды-тын. Айталық, Үкімет үйінде қоғам назарында болған мәселелерді ортаға салды. Ал тікелей соның қармағында болған салаларда (ҮИИД, агроөнеркәсіп, өңірлердің дамуы, инфрақұрылым) сол уақытта әжептәуір ілгерілеу байқалды. Обалы не керек,  әрбір істі жауапкершілікпен, тиянақтылықпен, бар күш-жігерімен шешуге тырысты. Яғни, сол уақыттары оның өсуі, қызметінің жоғарылауы біржағынан заңды болатын.
«Практик–премьер» ретінде оның аймақтық деңгейдегі еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Үкіметбасы ретінде ол мемлекеттік органдар мен халықтың арасындағы байланысты дұрыс жолға қойды. Дейтұрғанмен де, жалпы министрлер кабинетінің жұмыс сапасына ықпал етуге мүмкіндігі жетпегенін мойындау керек. Демек, мұндай саяси қызметте Ахметовке «бүркіттің батылдығы» мен «тазының шапшаңдығы» қажет еді.

Ал Премьерлік кезеңге біз біржақты баға бере алмаймыз. Бұған да екі түрлі көзқараспен қарау және екі түрлі баға беру маңызды. Мұның біріншісі – «тұлғалық премьер».

«Тұлғалық премьер» ретінде ол Президенттің сеніміне кірді. Бұл арада оның басқарушылық қабілеті өз алдына, Мемлекет басшысы Ахметовтың қандай да бір құйтырқы саяси ойындарға араласпағанына, қандай да бір ықпалды топтармен байланысы жоқтығын, өзінің және командасының «тазалығына», яғни, жемқор атанып, басы дауға қалмағанына назар аударған сықылды. Соған қарамай ол қазақстандық саясаттағы саяси элитаның, былайша айтқанда «ауыр салмақтылардың» қатарына кіре алмады.

Ал «практик–премьер» ретінде оның аймақтық деңгейдегі еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Үкіметбасы ретінде ол мемлекеттік органдар мен халықтың арасындағы байланысты дұрыс жолға қойды. Дейтұрғанмен де, жалпы министрлер кабинетінің жұмыс сапасына ықпал етуге мүмкіндігі жетпегенін мойындау керек. Демек, мұндай саяси қызметте Ахметовке «бүркіттің батылдығы» мен «тазының шапшаңдығы» қажет еді...

Көбіне, бізге бұл қызметті Елбасы қоса атқарып жүргендей, ал Ахметов болса – бәз-баяғы вице-министр қызметінде жүргендей көрінетін. Содан да шығар, осы аралықта ол «техникалық премьер» (саяси тұлға ретінде салмағы және қолдайтын ықпалды тобы жоқ, елдегі саяси-экономикалық ахуалға әсер ете алмайтын адам) деген атқа ие болды.

Жолдау...  Ахметовтің түбіне жеткен осы Жолдау дейді. Теріс түсініп қалмаңыз. Тек Ахметов Елбасының өзі жіті дайындаған, маңызды саяси құжат «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда тиісті қарқын мен үдені қамтамасыз ете алмады.
Көбіне, бізге бұл қызметті Елбасы қоса атқарып жүргендей, ал Ахметов болса – бәз-баяғы вице-министр қызметінде жүргендей көрінетін. Содан да шығар, осы аралықта ол «техникалық премьер» (саяси тұлға ретінде салмағы және қолдайтын ықпалды тобы жоқ, елдегі саяси-экономикалық ахуалға әсер ете алмайтын адам) деген атқа ие болды.

Ал оның бүгінгі жағдайға тап болуы,  тікелей жемқорлықтың емес, билеуші элита ішіндегі ықпалды топтардың қайта топтасуының салдары секілді. Жалпы, экс-премьер «primus inter pares» («теңдестер арасында бірінші») бойынша өзін толыққанды аша алмады.

Иә, Ахметовтың енді қайтіп билік Олимпіне оралуы неғайбыл. Ал оның темір торға қамалу-қамалмауы, турасын айту керек, билеуші элитадағы ықпалды топтардың келіссөзіне байланысты болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x