«Путинді ауыздықтауға болады». Майк Пампео ойын оратаға салды

Dalanews 15 нау. 2023 02:48 248

Жақында АҚШ-тың бұрынғы мемлекет істер хатшысы Пампеоның өмір баяндық кітабы жарық көргені белгілі. Америка даусының тілшілері Пампео мырзадан кітабы жайлы арнаулы сұхбат алған. Сол сұхбатта Mezgil.kz сайты ықшамдап басыпты. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

– Сіз кітабыңыздың бір тарауын коммунистік биліктің қауіптілігіне арнапсыз. Тіпті, Қытай басшысын «дүниедегі ең қауіпті адам депсіз». Не үшін?

– Қытай қазір бұрынғы Қытай емес, Шидің дара билігі. Кезінде әскери гимназиядан үйренгенім – қарсыласыңды бағамдау үшін күші мен беталысына қарау керек.

Біз Қытайдың ғарыш, қорғаныс, интернет саласындағы қуатын көріп отырмыз. Миллиардтан астам тұтынушысы бар ірі экономикалық алып мемлекет. Америкаға ғана емес, күллі әлемге әсер ете алады.


Ал беталысына келсек, Ши төрағаның әлемге ықпал ету пиғылы әшкереленіп келеді, сол мақсатта қарқынды жұмыс жүргізуде.

Біздің білім меншік құқымызды ұрлап, АҚШ-тың еңбек нарығын жаулауда. Әділ бәсекені әлде қашан ұмытқан. Бұрын біз құндылықтарымыз ұқсамаса да, сауда байланысы арқылы Америка мүдесін ойлайды деп сеніп едік.

Бүгін олардың керісінше қимылдап отырғанына көзіміз жетті. Ши төраға әлем тап болып отырған ең мықты қарсылас. Біздің ұрпақтарымыздың америкалық үлгідегі өмір сұру формасына ең үлкен қауіп.

– Украина соғысына бір жыл толғанда, Қытай Ресейге әскери қару береді екен деген ақпар шықты. Сіз Путинмен де кездескенсіз, оның өзі мен айналасын жақсы білесіз. Кезінде Путинді райынан қайтаруға болар ма еді? Қазірде соғысты тоқтатуға тетіктер бар ма?

– Біздің Трамп үкіметі кезіндегі атқарған жұмыстарымыз Путинді шошытты. Бірақ ол өзгерген жоқ.

Мен онымен көп кездестім. Ол Кеңес одағының ыдырауын ең үлкен қылмыс деп санайды. Еуропадан Ресейді жоғары қойғысы келеді. Бәрі қауіпті бағамдауына байланысты.

Барак Обама кезінде Путин Украина жерінің бестен бірін жаулап алды. Трамп кезінде сынық сүйем жер де алған жоқ, Еуропаға да азу көрсете алмады.


Бірақ жаңа президент келген соң Путин қатігез соғысты бастады. Кәрі құрлыққа қауіп төндірді. Путинді ауыздықтауға болар еді. Біз кезінде оған теріс қадамның қандай зардапқа әкілітінін жінтіктеп түсіндірдік.

Байден билікке келген соң Путин келер қауіп жоқ деп санады. Еуропаға соғыс ашты.

 

– Кітабыңыздағы Солтүстік Кореяға қатысты бөлектерге тоқтала кетсеңіз?

– Иә менің көп уақытым Солтүстік Корей мен оның басшысына сарып болды. Біз Солтүстік Корей басшысын атом қаруын жасаудан бас тартса, бақытты өмірге қол жеткізетіндеріне сендіруге тырыстық.

Бетпе-бет кездесуде оның халықтың қамын ойламайтын қатігез адам екеніні көз жеткіздім.

Мен Солтүстік Корей еліне алғаш 2018 жылы бардым. Ол кезде орталық барлау мекемесінің басшысы едім.

Америкалық бір жас Корей түрмесінде азапталып, артынан Америкаға жеткізілген соң, зорығудан көз жұмды. Маған бұл жағдай ауыр тиді.

Екінші рет баруым үш америкалықтың заңсыз тұтқындалуына байланысты болды.

Мен Корей басшысына үш азаматты босатуын, өзіммен бірге алып кетуге келгенімді айттым.

Кездесу аяқталып, ұшуға санаулы минуттар қалғанда үш америкалықты әуежайға алып келді. Біз ешқандай саудаласқан жоқпыз. Олар менімен бірге америкаға аман-есен қайтты. Кімді болса да әсерлердіретіні анық.


– Сіз Солтүстік Корей, Ресей, Қытай басшыларымен, тіпті Иранның атышулы генаралымен де кездестіңіз. Америкаға қайсысы ең қауіпті деп қарайсыз?

– Менің ойымша Қытай басшысы. Ол өте суық, қатал. Ол билікті қалай пайдалануды біледі, тап болып отырған қиындықтарында жақсы біледі.

Халық саны дағдарысын да, өзінің билігіне келетін қауіпті де бәрін бағамдай алады. Қазір ол өмір бойы төраға болуға бекінді. Өзінің алға қойған мақсатын орындауға кірісіп кетті. Тайуанды қайтарып алуда соның ішінде.

Есбол ҮСЕНҰЛЫ

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x