Back

 ОБАМАНЫҢ ҮНДЕУІ: АМЕРИКА БАҒЫТЫНАН АДАСПАЙДЫ

Сейсенбінің кешінде АҚШ Президенті Барак Обама Конгресстің алдында өзінің осымен алтыншы үндеуін жариялады. Бұл биліктің үш бұтағы –  Президент, Конгресстің қос палатасы және Жоғарғы сот бас қосатын АҚШ-тағы аса маңызды саяси оқиғаның бірі.

Адиля ТҮГЕЛ,388056_10151010779025514_32684707_n

АҚШ, Хьюстон қаласы

 Президент бұл жолы да экономикаға баса көңіл бөлді. Обама «экономикалық дағдарыстың көлеңкесі келмеске кеткенін», «бүгінгі күні Америкадағы жұмыссыздық деңгейі  дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен көп төмен екендігін» тілге тиек етті. «Америка соңғы 30 жылда алғаш рет шетел мұнайына тәуелді емес» деді Обама. 

 ӨЗ ІШІ

President Obama Hosts White House Tribal Nations ConferenceПрезидент алдағы жылы алып корпорациялардың табысын жасырып қалатын әдіс-амалдардың алдын алатынын; шағын бизнеске арналған салықтық жүктемені жеңілдететінін айтты. Бұдан сырт биылғы жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жалпы білім алатын колледждерді тегін  қылуды, отбасындағы әр балаға 3000 доллардың көлемінде есептелетін салықтық жеңілдіктер енгізуді ұсынды.

Өз экономикалық саясатында АҚШ-та нақты заңмен бекітілген декреттік төлем және баланы күтіп-баққаны үшін берілетін жәрдемақы жоқ. Ал Демократтар партиясы осы күнге дейін әлеуметтік жеңілдіктерді көтерудің қажеттігін айтып жүр.

Дәл қазір Конгресстегі Республикашылардың саны Демократтардан көптігіне қарамай, Обама оппоненттерінің алдында өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеп бақты. «Мұндай шаралар орта таптың әлуетін көтереді, ал аз қамтылған отбасылар жаңа әлеуметтік деңгейге көтерілуге мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде экономиканың өрлеуіне үлес қосады» деді АҚШ Президенті.

Әдеттегіше Республикашылар Обаманың бастамаларын «жақтырған» жоқ. Оның экономикалық өрлеу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды. Дағдарыстан кейін АҚШ-та экономиканы қайта қалпына келтіру іс-шаралары баяу жүріп жатқанын назарға алды. «Барлығын денсаулық сақтау саласындағы Obamacare реформасы бүлдірді. Осының кесірінен мемлекеттің шығыны артып, экономикалық өсім баяулап қалды» деді олар.

 АНТИТЕЗА немесе OBAMACARE

Дәстүрге сай Президент үндеуінен кейін қарама-қарсы партия өкілі жолдауға қатысты өз пікірін білдірді. Әдеттегіше Республикашылар Обаманың бастамаларын «жақтырған» жоқ. Оның экономикалық өрлеу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды. Дағдарыстан кейін АҚШ-та экономиканы қайта қалпына келтіру іс-шаралары баяу жүріп жатқанын назарға алды. «Барлығын денсаулық сақтау саласындағы Obamacare реформасы бүлдірді. Осының кесірінен мемлекеттің шығыны артып, экономикалық өсім баяулап қалды» деді олар.

Ал сарапшылар ішкі саясаттағы қордаланған мәселелерге байланысты биылғы жыл Үкіметке де, Конгресстегі қос палатаға да ауыр болатынын айтады.

  СЫРТҚЫ САЯСАТ…

Сыртқы саясаттың негізі бағдары Ислам және Леванта Ислам мемлекетіне (ИЛИМ) және  жалпы терроризмге қарсы күреске бағытталды.  «Тағы бір соғысқа араласқымыз жоқ. Біз әлемдік қауымдастықпен, оның ішінде араб әлемімен бірлесе отырып әрекет етуді қалаймыз» деді Барак Обама. Оның айтуынша, әлемдік қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда әскери және дипломатиялық күшті біріктіру қажет. Бір қызығы…осылай дей отырып Обама Конгресстен «ИЛИМ» лаңкестік ұйымына қарсы әскери күш қолдану туралы заң қабылдауды сұрады. Негізінде терроризммен күресу үшін Президентке Конгресстің ресми рұқсатының қажеті жоқ.

Экономикалық санкцияның нәтижесінде «қазіргі Ресей экономикасы қираған және әлемнен оқшауланған елге айналды». Оның сөзінше бәріне Путинннің агрессорлық саясаты кінәлі және «бүгінгідей ахуалдың туындағаны үшін АҚШ еш айыпты емес».

 …ОНЫҢ ІШІНДЕ РЕСЕЙ

0_a5860_b9a825_orig

Ресей экономикасы қираған және әлемнен оқшауланған елге айналды.

Кезек Ресейге келгенде Обама өзінің Украин-Ресей қақтығысын реттеуге бағытталған стратегиясы ақыры аяғы дұрыс болып шыққанын айтты. Экономикалық санкцияның нәтижесінде «қазіргі Ресей экономикасы қираған және әлемнен оқшауланған елге айналды». Оның сөзінше бәріне Путинннің агрессорлық саясаты кінәлі және «бүгінгідей ахуалдың туындағаны үшін АҚШ еш айыпты емес».

Алайда жаңа санкциялар Иран ядролық бағдарламасы бойынша жүргізілген дипломатиялық жұмыстарға кері әсерін тигізуі мүмкін. «Соңғы 10 жылда алғаш рет Ирандағы ядролық бағдарламаның дамуын тежей алдық» деді ол. Оның айтуынша аталған мәселе бойынша келер көктемге дейін келісімге келудің мүмкіндігі бар, сондықтан жаңа санкциялар туралы кез-келген құжатқа Обама вето қоюға бекініп отыр.

Ол сонымен қатар тағы бір тарихи қадам жасамақ. Ол Кубаға бағытталған 50 жылдық эмбаргоны тоқтатпақ. «Бұл бағыттағы қатал саясатты өзгертетін және Куба халқына қол созатын кез жетті» деді АҚШ Президенті. Алайда бұл үшін алдымен «мұндай саясат көрші мемлекеттегі демократияны жақтамайтын билік өкілдеріне тиімді» деп отырған конгрессмендерді көндіру керек.

 ТҮЙІН

Үндеуінің соңында Барака Обама: «Мені ендігі жерде сайлауалды науқандар күтпейді. Бұдан былайғы мақсатым Америка үшін тиімді болатын шешімдер қабылдау» деді. Республикалық партияның өкілдеріне өзі атап өткен мәселелер бойынша бірлесе жұмыс істеуді ұсынды. Ал сарапшылар бұл «Барактың ел алдындағы ең үздік үндеуі. Егер үндеуді бұдан сәл ертерек жариялаған болса Конгресстегі Республикалықтардың саны қазіргідей көп болмас еді» дейді.

P.S. БАСТЫ НАЗАРДА  – УКРАИНА                                                                                                                                                                                                    

02-514Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесті.                                                                                

 Екі елдің көшбасшылары Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарапының көзқарасы бойынша Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары деңгейіндегі келіссөздер арқылы шешілуі мүмкін осы мәселемен жеке өзі айналысып жатқанын айтты. Қазақстан Президенті америкалық әріптесінен Украина мәселесі бойынша ортақ мәміле жолын іздестіру ісіне мейлінше белсенді қатысуды өтінді. Мемлекет басшысы Ресейге қатысты экономикалық санкциялар Орталық Азия өңіріне де ықпал етіп жатқанын айтты.