"Адос" жүзікті алуға бара жатыр

Dalanews 05 қыр. 2022 05:15 195

24 қыркүйекте Сочиде Red аренада Top Dog жұдырықтасу лигасының чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық үміткер Әділжан "Адос" Сәндібеков пен жауырыны жерге тимеген ресейлік жауынгер Денис Погодин кездеседі.


TOP DOG FC 16 жанкүйерлеріне лигада ешқашан жеңіліп көрмеген сабаздардың қатысуымен бірден 3 жекпе-жек ұсынады. Орта салмақтағы мэйн-кардта Александр "Север" Северин (3 жеңіс — 0 жеңіліс) Тимур "Доктор" Акаимовпен (2 – 1) күш сынасатын болады. Ең жеңіл салмақта Хаваж Олиговтың (3 – 0) және Матин "Торнадо" Шароповтың (2 – 0) қатысуымен үміткерлер жекпе-жегі өтеді. Аталмыш кештің басты оқиғасы жартылай орта салмақтағы жүзік үшін 5-раундтық жекпе-жек болмақ – қоржынында 3 жеңісі бар, уақытынан бұрын сұлатудың шебері Денис Погодин (3 – 0) қазақстандық Әділжан "Адос" Сәндібековпен кездеседі (4 – 2 – 1) жұдырықтасады. Погодин бұл атақты қорғауға бірінші рет қатысады.

Алдағы оқиға –"Адостың" Top Dog лигасында өнер көрсету жолының қаншалықты қиын болғанын еске түсіріп, Қостанайдан келген 21 жасар спортшыдан чемпиондық жекпе-жекке қандай физикалық және эмоциялық дайындықпен келгенін сұрау үшін таптырмас себеп.

- TopDog лигасындағы дебютің оңайға соққан жоқ. Теңбе-тең, жеңіс, содан кейін жеңіліс және тағы да тең түсу. Содан кейін не болды? Сен екі жекпе-жектен сенімді жеңіп шықтың, енді сақина үшін барыңды саласың ба?

- Алғашқы айқасты теңбе-тең нәтижемен аяқтадым, бұл жекпе-жек көптеген адамдар үшін дау туғызғаны рас, қалай болғанда да бұл - менің алғашқы тәжірибем. Мен жалпы өзімнің қайда келгенімді, айналамда не болып жатқанын толық түсінбей қалдым. Екінші жекпе-жектен бастап осы форматқа әбден бейімделдім, ал енді Валера Заботинмен үшінші ұрысқа келер болсақ... Егер сіз қазір сол жекпе-жектің көрсетілімінің астындағы пікірлерді оқитын болсаңыз, көрермендердің 80 пайызы төрешілердің әділетсіздігіне наразы болғанын көресіз.

Қалай болғанда да, жекпе-жек өз деңгейінде өтті, оның қалай өткеніне тоқталудың еш қисыны жоқ. Мүмкін, өмірімдегі басты жекпе-жекке алаңсыз дайындалуым үшін солай болғаны дұрыс шығар. Менің ойымша, қалай өтуге тиісті болса, солай өтті. Заботинмен арадағы жекпе-жек көпшіліктің көңілінен шықты, бұл маған қуатты күш ағынын берді. Мұндай қолдаудың маңызы зор.



- Дегенмен, бір жылдан кейін сен ешкімнің алдында еңсесі түспеген Денис Погодинмен жүзік үшін шайқасқа түскелі отырсың. Қарсыласың туралы не айтасың?

- Әрине, қарсыласым жақсы, тәжірибелі және жеңіліп көрмеген. Бірақ мен кез-келген нәрсенің кілтін ашуға болады деп ойлаймын. Біріншіден, Денис өзінің үш жекпе-жегінде де үш раундтан толық өтіп көрген жоқ, толық қашықтықтың не екенін сезінбей қалды. Екіншіден, оның сүйенері –бокс, ол жұдырықтасудан мүлдем басқа нәрсе. Классикалық үлгідегі бокстың бұл жерде ұтары шамалы. Менде бәрі жақсы болады деп сенемін және бұл жекпе-жекте қарсыластан басым түсерім анық.

- Бұл жекпе-жектегі букмекерлердің коэффициенттері сенің пайдаңа қойылмағаны қитығыңа тие ме? Olimpbet саған 1.53, Погодинге 2.34 ұпай тігіп, оның жеңісін болжап отыр.

- Түк етпес! Мен андердог болып бірінші рет шығып отырғаным жоқ. Өткен жекпе-жекте лигада өткізілген алты жекпе-жектің жалғыз біреуінде залдың 80%-ы менің қарсыласымды емес, мені қолдап отырды. Егер сіз менің бұрынғы шайқастарымды көрген болсаңыз, көрермендер мені ешқашан қолдамаған болатын. Бұл маған серпін беріп, мені жігерлендірді.

- Көрермендер көзайымына айналғаның туралы не ойлайсың?

- Көпшіліктің өзім туралы пікірлерін оқып тұрамын. Мені ақкөңіл жігіт деп санайды. Мен өзгелер туралы жағымсыз пікір айтудан аулақпын. Қарсыласты мазақ ету, жекпе-жектен кейін жұдырық сілтеу сияқты лас нәрселерге арым жібермейді. Мен ең алдымен спортшымын, мен үшін тәртіп – бірінші орында.

- Осыдан бір жыл бұрынғы және қазіргі Адосты салыстыратын болсақ, не өзгерді?

- Дайындығым өзгерді. Мен бұл компонентке мұқият қараймын. Мен Денис "Дауыл" Дуламен және "Берсеркпен" жекпе-жектерде шыңдалып, жақсы тәжірибе жинадым. Жалпы, бір орында тұрмаймын, өз қателіктерімнен сабақ аламын, қазіргі уақытта жүзік үшін шайқасқа әбден дайынмын.



#TDFC16 турнирі 24 қыркүйекте Сочиде (Красная поляна) Red Arena алаңында, бас серіктес Olimpbet қолдауымен өтеді, тікелей эфирді Udar телеарнасы жүргізетін болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x