Бауыржан Аманкелдіұлы: «Білімді ұрпақ көп болса, мұнайсызда күн көреміз»

Dalanews 15 сәу. 2021 07:46 222

Көпшіліктің талқысына түсіп, биік мінбеден бастап, қатардағы адамдардың сын көз қарастарына ұшырап, жиі сөз болатын ЖОО-ның хал ахуалы жайлы  Алаш қаласы Семейдегі іргелі жоғары оқу орны Шәкәрім атындағы университеттің ректоры Бауыржан Аманкелдіұлымен сұхбаттасып, түйткілікті сұрақтарға жауап алуға  тырыстық. Назар аударыңздар.

 

Жемқорлық – ұстаз бен студент қатар жазаланады. 


Бауыржан мырза ініде деп ізет көрсетіп, әсем жиһаздармен емес, Алаш зиялыларының портреті тұрған өзінің  кабинетінде қабылдағаныңзға рахмет! Бүгінгі білім саласында ғана емес, қоғамдағы өзекті мәселе парақорлық жайлы, ЖОО-да дипломды сатып алу туралы жиі естиміз. Бұған қатысты не айта аласыз?  

– Студенттер дипломдарын сатып алатын университеттер бар. Оған қоғамның өзі кінәлі. Білім беру мекемелерінің студенттері дипломдық жұмыстарын сатып алатыны да өтірік емес. Осылайша жемқорлық фактілері тіркеледі. Осы орайда, университет барлық аталған мәселелерді түбегейлі шешуді жоспарлап отыр.

Оқу орындарында сыбайлас жемқорлық фактілері бар. Оған кім кінәлі?! Пара беріп отырған студент пе, әлде алған  оқытушы ма? Ойлап қарасақ, 11-сыныпқа дейін мектептегі оқушылар ондай ойдан аулақ болады. Мұның бәрі ЖОО-ға келгеннен кейін басталады.

Сол үшін университетте жемқорлық пен парақорлықты алдын-алуға арналған «Таза сессия» акциясы өтеді. Арнайы жемқорлыққа қарсы агенттік студенттермен кездесіп, сауалнама жүргізіп, парақорлықтың зардабын жете түсіндіруде. Шынайтуында, параны оқымайтын және сабаққа қатыспайтын студенттер  береді. Ал, егер ондай оқиғалар тіркелсе ұстаз бен студент қатар жазаланады.

Өткен жылдың соңында ел Президенті «Мұғалім мәртебесі» туралы заңға қол қойды. 2020 жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсті. Ал, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап университет оқытушыларының жалақысын өсіру жоспарлануда. ҚР Білім және ғылым министрлігіне бағынышты университеттің оқытушысы айына кем дегенде 200 мың теңге, аға оқытушы – 230 мың теңге, доцент – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге ал, ұлттық университеттерде – 400 мың теңге алуы керек.

Әрине, мұғалімнің мәртебесін көтеру керек. Мектеп пен колледж мұғалімдерінің де, университет оқытушыларының да жалақысын өсіру қажет. Білім министрі 1 қыркүйектен бастап ЖОО оқытушыларының ең төменгі жалақысы кем дегенде 200 000 теңгені құрауы керек екенін айтты. Бүгінде 80-90-150 мың теңге алатын оқытушылар бар. Қазір университет әкімшілігі өз оқытушыларының жалақысын көтеруі үшін өз кірістерін есептеп жатыр, – дейді Бауыржан Ердембеков.

 

Университет тарихымен емес, сапалы біліммен мақтануы керек


– Шәкәрім университетінің құрылғанына 86 жыл. Іргелі оқу ордасы бәсекеге қаншалықты қабілетті деп ойлайсыз?

– Иә, Шәкәрім университетінің бай тарихы бар. Бірақ  біз университет тарихымен емес, студенттерге беретін сапалы біліммен мақтануымыз керек. Қазіргі таңда қаншалықты бәсекеге қабілетті екенімізді ойлауымыз керек. Күні кеше пайда болып, бізбен тең дәрежеге жеткен университеттер бар. Сондықтан біз алдыңғы қатарлы университеттермен тең болуымыз қажет.

Қазір университеттің жаңа саясаты сапалы және арнайы білім беруді көздейді. Ақылды әрі білімді ұрпақ болса біз мұнайсыз өмір сүруге болатынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Бүгінгі таңда университет 80-ге жуық бакалавриат дайындайды. Алайда ұсынылған мамандықтардың барлығы бірдей сұранысқа ие емес. Міне, сондықтан университет басшылығы, сан емес, сапа үшін жұмыс істеуге нақты шешім қабылдады.

Осылайша, сұранысы жоқ мамандықтар жабылып, қажеттілігі жоғары маман иелері даярланатын болады. Үлкен мегаполистерде студенттерді белгілі бір бағытта ғана оқытатын университеттер бар. Бұрыңғы 4 институт бүгінде бір ЖОО біріктіріліп отыр. Сондықтан, аймақ үшін көпсалалы университет қажет деп санаймын.

ЖОО-ның басшылары өз білгенін істеп, сол жерде қожайын санайтыны қоғамда бар дүние. Бірақ ол әкесінен қалған дүние емес екені ақиқат. Бауыржан мырза, сізде өзіңізді университетті жекеменшігім деп санайсыз ба?

– Университет ол ректордың жекеменшігі емес. Мен мемлекеттің дүниесін, өзімідікі деп қарайтын жайтқа қарсымын. «Ректор бәрін шешеді» деп біріз адам басшының алдына келіп, әр түрлі мәселелерін айтады. Бірақ бұл дұрыс емес. Ұстаз, куратор, декан, проректор өз ісіне жауапты болған жағдайда ғана, ректордың алдына келетін студентте, те, ата-ана да, оқытушылардың саны  азаяды. Әр адам атқарып жатқан жұмысына адал болуы керек

Иә, АЕҚ көшуімен университет еркіндікке көшті. Бірақ, ол еркіндік ректорға берілді деген сөз емес. Енді барлық мәселелерді шешетін директорлар кеңесінің құрамы бар, ал ректор сол құрамның бір мүшесі ғана.

Кеңеске 15 адам қатысып, барлық маңызды шешімдер жиналыстарда қабылданады. Осылайша, ректор бұдан былай университеттің дамуының стратегиялық жоспарын, қаржылық мәселелерін көппен келсіп шешеді.

Бұл мәселелердің барлығы тек директорлар кеңесінде қабылданады. Ал университет қаржы ресурстарын қайдан алады деген сұрақ көптің көкейінде жүргенін жақсы білемін. Жауабын берейін. Оқу орынның негізгі табысы ол студенттердің мемлекет бөлген гранты мен ақылы ақшасы. Сонымен бірге, Білім министрлігі материалды базаны жаңарту үшін еліміздегі 20 жоғары оқу орнына 1 миллиард теңге көлемінде қаражат бөледі. Бірақ бұл үшін біз барлық талаптарға сай болуымыз қажет. Сондай-ақ, «Шәкәрім шапағаты» фонды құрылып, алдағы уақытта меценаттарды тарту ойластырылған.

 

Абай айтқан «толық адамды» қалыптастыруға күш салудамыз


Америкадағы белгілі ЖОО-ның барлығы жекеменшік. Қаржыны өздері табады. Демек нарықта бәсекелесу үшін барын салып, сапалы мамандар даярлауға атсалысады. Бізде ЖОО-ы мемлекетен қаржы бөлінетіндіктен, әйтеуір студент бізге түседі деген ой олардың дамуына кедергі болып отыған жоқ па? 

– Расында қазір еліміздегі барлық ЖОО-ы талапкердің талабына қарай емес, қалтасына қарай қабылдап жатыр. Оның үстіне өзің айтып отырған Америкадағыдай білім саласына қыруар қаржы құятын, меценаттар бізде жоқ.

Әлеуметтік жағдайға байланысты жыл сайын барлық студенттер өздері қалаған мамандыққа түсе алмай жатады. Ата-анасының қалтасы көтеретін оқу орнынға барады. Алайда, сапаға мән берген жөн. Осы ретте барша болашақ талапкерлерге бүгінгі Шәкәрім университетінің ректоры, кешегі студент өзімнің кеңесімен бөліскім келеді.

Қазақ әдебиетінің профессоры, абайтанушы болып отырған мына мен кезінде шығарма жазудан төмен баға алып, грантқа түсе алмай, келесі жылы дайындалып қайта түстім. Оның еш әбестікі жоқ. Керісінше, өз талабыңмен жеткен жетістік қашан да қымбат. Егер талапкер де осындай жағдайға тап болса, оның еш өкініші жоқ. Амалсыздан өзі қаламаған білім ордасына барғаннан гөрі, келесі жылы қайта бағын сынап көрсе дұрыс болады

Жоғары білім саласында ширек ғасыр қызмет жасадыңыз, қарапайым оқытушыдан ректорлық қызметке дейінгі түрлі қызмет баспалдағынан өттіңіз. Шәкәрім университетіне басшы ретінде миссияны қалай қойдыңыз, бағдарыңыз қандай?

– Әр университет басшыларының өзіндік миссиясы болады. Ол ұғынықты әрі танымды болуы қажет. Ал ректор Бауыржан Амангелдіұлының басты миссиясы – бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре білген Абай айтқан «толық адамды» қалыптастыру.

Қазақстан көпұлтты мемлекет. Әр ұлттың бойына ұлттық құндылықты қалыптастырсақ, кейін шетелге барса да, қазақы болмысты ұмытпайды. Керісінше, жат елде қызмет етпей, Отанына қайта оралады. Сондай-ақ, болашақта мамандарды даярлауда қолданбалы ғылымды дамытуды жоспарлап отырмыз. Бұл екі алғышарт біздің басты міндетіміз. Оқу процесі де өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан мұны мұқият қарастырып, келешекке кемел біліммен бастайтын білімді ұрпақ тәрбиелеуіміз басты назарда.

Соңғы жылдары мемлекеттік басқару саласында «ашықтық» деген трендтік сөз қолданыла бастады. Сұхбат барысында өзіңізді ашық адам екеніңізге көз жеткізіп отырмын. Әлде тек басшылар мен журналистерге осылай жылы қарсы аласызба?

– Мен екіжүзділікті ұнатпаймын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, біз адамдарға жақын болып, ашық саясат жүргізуіміз керек. Бұл барлық оқу орындарының басшыларына да қатысты.

Басқа министрліктермен салыстырғанда ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғарыда аталған ашық саясатты жүргізуде. Олар кейбір мектептердің немесе университеттердің жабылғаны туралы тікелей және ашық хабарлап отырады емес пе? Оны өзіңде біліп отырған шығарсың.

Әңгімелескен Қуаныш РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ

Семей қаласы. 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x