Жастарды рухтандырған кітап көрмесі

Dalanews 22 ақп. 2015 08:21 218

Қазір Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар кең көлемде аталынып өтуде. Таяуда Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ғылыми кітапханасы мен Тәрбие департаментінің қызметкерлері мерейлі датаға орай еліміздегі білікті тарихшылардың басын қосып, дөңгелек үстел өткізді. Жиынға қатысқан тарихшылар Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын ел көлемінде атап өту мемлекетімізді нығайта түсетін атап өтті.

Айтулы басқосуға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов, ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасының директоры Қапашхан Құсайынова, Тәрбие департаментінің директоры Ақбота Жеңісқызы және Әл-Машани атындағы базалық білім беру институтының директоры Рәт Шыңдалыұлы, белгілі тарихшылар Серік Мәшімбаев пен Нұрғали Құдайбергеновтар қатысып көкейде жүрген ойларын ортаға салды.

Қазақстанның білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халықына арнаған «Қазақстан – 2050» стратегиясыда жастар тәрбиесіне баса көңіл бөлінгені баршамызға мәлім. Өз кезегінде Мемлекет Басшысы:  «Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, сапалы білімге қажеттілікті арттыруға бағытталған негізгі міндеттерді атқарудың маңызы зор», – деп отаншыл жастарды тәрбиелеу ісіне айрықша көңіл бөлінген болатын. Бүгінде Президенттің бастмасымен қолға алынған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын республика көлемінде атап өту шарасы жастардың бойына отаншылдық сезімін ұялататын негізгі құралға айналды десек болады. Жиын барсында сөз алған Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов:

– Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында төл тарихымыздың ұлы құндылықтарын қастерлеп, ұлттық мүддеміз бен қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуға күш салуымыз керек, – деді. Өз кезегінде ҚазҰТУ Ғылыми кітапханасының директоры Қапашхан Құсайынова Қазақ хандығыны 550 жылдың мерейтойына орай ел аумағында қазақ тарихына байланысты жарық көрген кітаптар мен зерттеу еңбектердің бәрін жинастырып, көрме өткізіп жатқанын алға тартты.

– Біздің көрмені тамашалаған жастар Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы қалыптасқан іргелі ел болғанына көз жеткізіп, көкіректерін мақтаныш сезімі кернеді. Сондай-ақ, жастар Қазақ хандығын азулы хандар билесе, билер мен батырлар ханға тірек болғанын жете түсінді, – деді.

Жиын барысында тарихшылар жиналған қауымға қазақ хандығы белгілі бір жүйесі бар орнықты мемлекет болғанын атап өтті.

Н.ӘУБӘКІР.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x