Ректор Болат Тілеп орта білім беру мекемелерінің өкілдерін келе жатқан кәсіби мереке – Ұстаздар күнімен құттықтады. Сондай-ақ еліміздің жоғары білікті мектеп педагогтарына деген сұраныс жылдан-жылға артып келе жатқанын, оқушылардың педагогикалық мамандықты таңдауға дейінгі кәсіби дайындығы мәселесін өзекті екенін атап өтті.
Кездесу барысында «Педагогикалық сыныптар» жобасын одан әрі іске асыруға байланысты өзекті мәселелер, сондай-ақ болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары талқыланды.
Абай университетінің бұл бастамасы еліміздің білім саласын дамытуға және болашақ ұрпаққа сапалы білім беруді қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.
![](/uploads/images/20240127150058824.jpg)
Кездесу нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Алматының 13 мектебі арасында «Педагогикалық сыныптар» жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның ішінде Медеу ауданының №98, №64, №19 мектептері; Алмалы ауданының №167, №128, №67, №58 мектептері; Әуезов ауданының №141, №122, №104 мектептері; Бостандық ауданының №93 мектебі мен Жетісу ауданының №109, №2 мектептері бар.