Маман дайындаудың майталманы

Dalanews 20 ақп. 2015 09:23 236

Ұлттық кітапханада еліміздің білім және ғылым саласына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым Ережеп Мәбетқазиев «Ректор айтар ақиқаты» деп аталатын монографиясының тұсауын кесті. Айтуыл шараға ғылымдар мен оқу орын ректорлары қатысып, кітап авторының өмір жолы жайында жылы лебіздерін білдірді. Ғылыми ортада кішпейілдігімен танылған. Е. Мәбетқазиевтің жаңа еңбегінің таныстырылымын өткізуге ҚР Президентінің Алматы бюросының баспа қызметі бастамашы болғанын айты кетуіміз керек.

Ережеп Мәбетқазиев Қазақстанның білім және ғылым саласында айрықша орыны бар тұлға. Ол еліміз тәуелсіздікке ие болып, ең алғаш жеке мемлекет ретінде шаңырақ көтергенде Қазақстанның ең алғашқы Білім және ғылым министрі болып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне жүктеген міндетін абыроймен атқарған азамат. Осылайша білікті маман тәуелсіз елдің білім жүйесін қайта жасақтап, Кеңес заманында кемелденген ғылымын сақтауда айрықша еңбек сіңірді Сол кезде Е. Мәбетқазиевтың орынбасары болған, бүгінде Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Серік Пірәлиев:

– Сол бір қиын кезеңде Ережеп ағамыз білім, ғылым саласының күйремеуіне жол берген жоқ. Бұдан кейін де жоғарғы оқу орындарда ректор қызметін табысты атқарып, заман талабына сай Қазақстан-Американдық еркін университетін құрып, оны еліміздегі жетекші оқу орындарының біріне айналдырды. Бүгінде сол білім ордасы 20 жылдық мерейтойын атап өтуде, – деп майталман ғалымның шебер ұйымдастыршы, білікті болғанын алға тартты.

Жоғары білімді ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті болу – қазіргі заман талабы. Бұл  Ережеп Мәмбетқазиевтің өмірлік ұстанымы десек қателеспейміз.  Жиын барысында сөз алған ғұлама ғалым:
Қазір елімізде жеке жоғары оқу орындары дамып жатыр. Бірақ есесіне студенттерге деген талап азая түсуде. Оқу орындары мен өндіріс арасындағы байланыс әлі де өз деңгейінде емес. Нарықтың талаптары ескеріле бермейд

– Мен өзімнің бұл кітабымда 30 жыл ректорлық қызметімде жинаған тәжірибелерімді пайдалана отырып, білім саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешу жолдарын іздестіруге тырыстым. Әріптестерімді ашық әңгімеге шақырғым келеді. Мен бизнесмен емеспін. Өмір бойы маман даярлаумен айналстым. Қазір жастар үшін заман талаптарына сай болу оңай емес. 21 ғасыр әлемді өзгертті. Қазіргі жас мамандар жоғары білімді ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілетті, ұшқыр бола білуі тиіс. Әйтпесе табысты болу мүмкін емес, – деді Е. Мәмбетқазиев.

Сондай-ақ ол әріптестерімен кездесуде қазіргі білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді алға тартты. «Біз жас ұрпақтың алдында қарыздармыз. Оларды біз ойламасақ кім ойлайды? Талқылайтын мәселелер жеткілікті. Оған әлеуетіміз де тәжірибеміз де жетеді. Біріншіден жасалып жатқан реформаларда жүйелілік жетіспеуде. Оларды қолға алардан бұрын жүзеге асыру механизмдерін бүге-шігесіне дейін алдын ала ойластырып алу қажет. Қазір елімізде жеке жоғары оқу орындары дамып жатыр. Бірақ есесіне студенттерге деген талап азая түсуде. Оқу орындары мен өндіріс арасындағы байланыс әлі де өз деңгейінде емес. Нарықтың талаптары ескеріле бермейді, – деді Е. Мәмбетқазиев. Оның айтуынша, қазір жоғары оқу орындарында қағазбастылық тым көбейіп кеткен.

– Ал бұл оқытушылардың ойын бөледі, уақытын алады, оқыту сапасын арттыруға, ғылыммен айналысуға мүмкіндік бермейді. Сондай-ақ, профессорлық-оқытушылық құрамның еңбек ақысы да жеткілікті деңгейде емес. Сол себепті де бұл салада жоғары білікті ғылыми педагогикалық кадрлар жетіспей жатыр. Осындай себептердің салдарынан оқытушылар бір университеттен екінші университетке барып қосымша жұмыс атқаруға мәжбүр болуда. Ал бұл білім сапасына орасан зор нұқсан келтіреді. Сонымен қатар, қазір елімізде професор-оқытушылық құрамның жұмыс уақыты жылына 800-900 сағатты құрайды. Бұл өте ауыр салмақ. Шет елдерде бұдан үш есе аз. Міне осындай мәселелерге сіз болып біз болып жауап іздеуіміз қажет, – деді Е. Мәмбетқазиев.

Нұрлан ЖҰМАХАН

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x