Абай облысында 21 336 жұмыс орны құрылды

Dalanews 17 қаз. 2023 06:32 255

Бүгінде Абай облысында 21 336 жұмыс орны құрылған. Бұл жоспардың 86%-ын құрайды. Барлық шаралар еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша бекітілген Жол картасы шеңберінде жүзеге асуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде жұмыс берушілерді тарта отырып, бос орындар жәрмеңкелері үнемі өткізіліп тұрады. Оларға тұрақты негізде 150-ден астам мекеме қатысады.

Соңымен қатар, еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушыларды көшіруге 238 адамға бөлінген квота мерзімінен бұрын орындалып, қосымша 150 адамға квота бөлуге өтінім берілді.

Қазіргі күні қандастарды қоныс аудару жоспары 71%-ды құрайды, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш толығымен жүзеге асырылады деп көзделген. Бағдарлама қатысушыларына барлық мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп жатыр.

Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан кешенді шаралар Жұмыспен қамту саласының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге, сондай-ақ 2-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейін 4,7 % дейін төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x