Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері 

Dalanews 10 сәу. 2023 12:17 306

2023 жылғы 8 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылым онкүндігі аясында Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен алғаш рет «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Аталмыш жиын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің №ИРН А09259623 «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» ғылыми жобасын жүзеге асыру және өлкетанулық ұйымдардың жұмысын насихаттау және ғалымдардың тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.

Шараға кіріспе сөзбен  Абай университетінің стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Тарих және құқық институты директоры Ғабит Кенжебаев қатысып, конференция модераторы ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, университет  профессоры Болат Жұмағұлов болды.

Конференция барысында Түркия, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінің ғалымдары және еліміздің жоғары оқу орындарының ғалымдары, мектеп мұғалімдері, студент жастары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар