«Cалауатты тамақтану мектебі» жобасына – 10 жыл

Dalanews 07 нау. 2023 05:33 456

Дұрыс тамақтану мәдениетін балаға жастайынан үйрету арқылы оның денсаулығына дұрыс күтім жасау дағдысын қалыптастыру – өмір талабы. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету бағытындағы негізгі көрсеткіштердің бірі балалардың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдау және жақсарту. Мемлекеттің болашағы – дені сау ұрпақ. Ал, осы ұрпағымыздың сапалы білім алуын қамтамасыз етіп, жайлы жағдай жасау мектеп мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.

Қазақ тағамтану академиясы мен денсаулық сақтау саласының ғалымдары жасаған сараптамаларға жүгінсек, бүлдіршіндер арасында семіздікке бой алдыру, асқазан ауруы, дене мүшелерінің дұрыс қалыптаспауы белең алуда. Бұл әрине дұрыс тамақтану мәдениетінің төмендігін аңғартады.

Балалардың денсаулығына қатысты осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында Алматы қаласы білім басқармасы ҚББЖТО, Қазақ тағамтану академиясы және «Нестле фуд Қазақстан» ЖШС бірлесіп бастауыш сынып оқушылары үшін «Салауатты тамақтану мектебі» жобасын енгізді. Биыл айтулы жобаға 10 жыл болады.

Осы уақыт аралығында жоба бойынша Алматы қалалық Білім басқармасының  білім беру ұйымдарында ауқымды жұмыстар жасалып, қомақты нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтсақ, Алматының  30-ға жуық мектебінің бастауыш сыныптарында эксперименттік алаңдар жұмыс жасайды.

Алматылық ұстаздар: «№ 78 мектеп-гимназия» КММ директорының орынбасары Розбакиева Гульмира Кахармановна және бастауыш сынып педагогтері Хандогина Алла Васильевнаның авторлығымен оқу бағдарламасы әзірленді.

Жыл сайын Алматы қалалық білім басқармасы ҚББЖТҒӘО қолдауымен «Салауатты тамақтану мектебі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде отандық және шетелдік арнайы мамандармен онлайн кездесулер, тәжірибе алмасу семинарлары, тренингтер, қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде фестиваль, конкурстар ұйымдастырылады. «Салауатты тамақтану мектебі»  жобасына қала мектептері мен  бірге  ата-аналар да қызығушылық танытып, қолдау көрсетуде.

Міне, бүгін біз айтулы жоба шеңберінде ұйымдастырылған іс-шаралар мен конкурстарға қатысып, бірнеше рет жүлделі орынды иеленген  № 27 гимназияға келіп, бастауыш сынып мұғалімдері: Дериганова Светлана Михайловна, Горленко Елена Алексеевна, Кариева Анджела Булатовнаның  «Салауатты тамақтану мектебі» сабағына қатысуға мүмкіндік алдық. Сабақ барысында оқушылардың дұрыс тамақтану туралы түсініктері мен қызықты пікірлерінің куәсі болдық. Балалардың дұрыс тамақтану мәдениетінің дамуы жобаның жүзеге асуының айқын дәлелі іспетті.

Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін қалыптастыру, өз денсаулығын сақтауға деген ынтасын арттыруды көздейтін жобаның 10 жылдығына орай «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС және Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы шеңберінде әдістемелік байқау  жариялады.

Сіздерді «Салауатты тамақтану мектебі» жобасының 10 жылғына арналған байқауға қатысуға шақырамыз!

Алматы қаласы Білім басқармасының

ҚББЖТҒӘ орталығы 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x