АБАЙ ӘЛЕМІ

Dalanews 23 қаз. 2014 03:41 212

[caption id="attachment_8254" align="alignleft" width="369"]IMG_6648 - копия Мектеп директоры Ләйла Байымбетованың айтуынша, осындағы «Жас өркен» жасөспірімдер театры 2006 жылы құрылған екен.[/caption]

 «Абай – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр». Халқымыздың қастерлі ұлы Мұхтар Әуезов жазғандай, хәкім Абайдың алты Алашқа аманаттап қалдырған мол мұрасын насихаттау бүгінгі ұрпаққа жүктелген жүгі жауапты міндет.

Алматыдағы Жетісу ауданы Мағжан Жұмабаев атындағы №137 жалпы білім беретін қазақ мектебінде ұйымдастырылған «Абай - дара, Абай - дана –қазақта»  аталатын әдеби кеш өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұлы бабамыздың өмір жолы, өскен ортасы туралы баяндайтын театрландырылған қойылымда мектеп оқушылары барын салды. Аталған шараға қатысып қайтқан «Қала мен Дала» газетінің журналистері мектеп оқушыларының Абай бабамыздың образын ашқан, жалпы сол дәуірдің болмысын боямасыз көрсеткен талабы мен талантына тәнті болды десек, артық емес.

Мектеп директоры Ләйла Байымбетованың айтуынша, осындағы «Жас өркен»  жасөспірімдер театры 2006 жылы құрылған екен. Және содан бергі уақытта бірнеше рет қалалық конкурстар мен байқаулардың жүлдегері атанып үлгеріпті. «Театрымыздың құрамы жылда жаңарып, толығып отырады. Бастысы түрлі қойылымдарға қатысып, өз өнерін паш еткісі келетін оқушыларымыз көп. Қазіргі күні ұжымның құрамында барлығы 68 оқушы бар», – деді бұл ретте мектеп директоры.
«Абай – дара, Абай – дана –қазақта»  аталатын әдеби кеш өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұлы бабамыздың өмір жолы, өскен ортасы туралы баяндайтын театрландырылған қойылымда мектеп оқушылары барын салды.

Жасөспірімдер театрына мұндағы қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Сәуле Нүркеева жетекшілік етеді. Бүгінге дейін мектеп театры «Есірткен ерке», «Желтоқсан желі», « Екі жүрек», «Абай трагедиясы»  атты кесек қойылымдар қойып, көрерменнің көңілінен шыққан. Болашақта өнер жолын таңдағысы келетін оқушылар мектептің әртүрлі  мерекелік іс-шараларына да үнемі атсалысып отырады.

[caption id="attachment_8255" align="alignright" width="480"]IMG_6661 700-ден астам оқушы тәлім алатын мектеп Жетісу ауданындағы бетке ұстар білім ордаларының бірі.[/caption]

    Ал артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынға арналған театрландырылған қойылым  өте сәтті өтті. «Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!», – деп шымылдық түрген кеште Абайдың өлең-жырлары, қара сөздері оқылды. Ақынның ғылымдағы ұстанымы, патшалық ел билеу жүйесіне, оқыту тәртібіне қатысты айтылған сындары да жан-жақты көрсетілді. Оқушылар ақынның поэзиясына бүгінгі күн тұрғысынан баға беріп, бұл тарапта: «Абайдың әдеби мұраларының тарихи-әлеуметтік маңызы зор» деген пікір білдірді.

    Ал кештің соңын түйіндеген мектеп директоры Ләйла Байымбетова келер жылы ақынның дүниеге келгеніне 170 жыл толатынын және білім ордасы осынау айтулы шараға ерекше дайындаларын тілге тиек етті. 700-ден астам оқушы тәлім алатын мектеп Жетісу ауданындағы бетке ұстар білім ордаларының бірі.

Аяулым ШАЙМАРДАН


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x