Back

Студенттер мен оқытушылар Huawei компаниясында білім алып, тәжірибеден өтетін мүмкіндікке ие болды

Digital Bridge 2022 халықаралық форумында Ғылым және жоғарғы білім министрлігі мен Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы өзара түсіністік Меморандумына қол қойды. Ол бойынша қазақстандық студенттер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ашылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді студенттердің Huawei компаниясында тәлім алуына, ақпаратты-коммуникациялық технология саласында сертификаттаудан өтуіне, арнайы ұйымдастырылған білім беру конкурстарына қатысуға және жұмысқа орналасуына қолғабыс жасалады.

Сонымен қатар оқытушылар Huawei өткізетін білім беру процесі мен біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатыса алады.

– Алдағы үш жылда Huawei Қазақстандағы цифрлы білім деңгейін ілгерілету үшін АКТ академиясын дамытады. Еліміздің жетекші университеттерінде ынтымақтастық аясында 50-ден астам Huawei академиясы құрылады деп күтілуде. Бұл академиялар бүкіл еліміз бойынша 5000-ға жуық студентті қамтиды деп жоспарлануда. Оқыту нәтижесі бойынша студенттеріміз халықаралық деңгейде мойындалған Huawei сертификатын ала алады, – деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.

Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Чжао Сюй өздерінің 20 жылдан бері Қазақстан нарығында табысты жұмыс істеп келе жатқанан алға тартты.

– Бүгін қол қойған меморандум біздің компанияға ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің үлкен сенім артып отырғанының белгісі. Біз үшін бұл үлкен жауапкершілік. Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы 20 жылдан бері Қазақстан нарығында табысты жұмыс істеп, осы уақыт аралығында 14 Академия ашқанын мақтанышпен айта аламын. Алдағы уақытта біздер студенттерге тек қана Huawei компаниясының халықаралық сертификатын ғана табыстап қоймаймыз, сонымен қатар жетекші комапнияларға жұмысқа тұрып кетуі үшін іс-тәжірибеден өтуіне де кеңінен жол ашамыз, – деді Чжао Сюй мырза.

Меморандум бойынша алдағы уақытта студентте АКТ саласында білім алып, сертификаттаудан өте алады. Бұдан басқа арнай білім беретін конкурстарға қатысып, болашақта жұмысқа тұру мүмкіндігіне де ие болатынын да айта кетуіміз керек. Сонымен қатар оқытушылар да білім саласына қатысты үрдістер мен Huawei компаниясы ұйымдастырыған біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысуына жол ашылатын болады.

Нақтырақ айтсақ, аталған меморандум төмендегідей бағыттар бойынша ынтамақтастық кеңейтеді:

– Қазақстандағы жоғары оқу орындарында АКТ саласындағы Академияларды дамтыу және масштабын арттырып, Қазақстандағы 500-ден астам студенттер ақпаратты-коммуникациялық технология саласында сапалы білім алу мүмкіндігне ие болады;

– Huawei Certified Academy нұсқаушыларының білім беру бағдарламаларын ұйымдастырып, АКТ саласындағы мамандардың біліктілігін көтеруге жол ашу;

– Huawei комапниясы арнайы курстардың аяқтаған студенттер үшін онлайн-тесттілеу ұйымдастырып, Huawei комапниясының халықаралық сертификатын алуға мүмкіндік туғызу;

– АКТ саласындағы таланттар экожүйесін дамыту үшін сертификатқа ие болған студенттер арасында жыл сайын жұмысқа тұру жәрмеңкелерін ұйымдастыру;

– Білім саласын цифрландыру, әлемдік іс-тәжірибені зерделеп жас кадрлардың теориялық-тәжірибелік дайындықтарын жетілдіруге баса мән берілетін болады.