Мұғалімдер заң бойынша өзіне тән емес басқа жұмысқа тартылмайды – Марат Сұлтанғазиев

Dalanews 24 там. 2022 07:42 301

Бүгін Қонаев қаласында 2022 жылғы педагогикалық қызметкерлердің облыстық Тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтіп, оған Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев пен ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысты ашқан Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы облыс бөлінген сәттен бастап ауқымды іс-шаралардың біріне айналған дәстүрлі Тамыз кеңесі мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Өз баяндамасында әкім білім беру саласындағы жетістіктер, жоспарлар туралы хабардар етті. Проблемалық мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.  Педагогтарды олардың функционалдық лауазымдарына сәйкес келмейтін жұмысқа тарту өзекті проблемалардың бірі болып табылады.


– Бүгін барлық әкімдер мен басқарма басшыларына "Педагог мәртебесі туралы" Заңға сәйкес педагогтердің өзіне тән емес функцияларға  тартылмайтындығы туралы ескерткім келеді, – деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x