Өз кезегінде қала басшысы елордада мектептер мен әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі мәселесі өте өзекті екенін атап өтті.
– Осыдан он жыл бұрын бізде мектеп жасындағы 75 мың бала болса, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша – 220 мыңнан асты. 2018-ші жылы төрт мектеп, 2019-шы жылы – алты мектеп, 2020-шы жылы – 11 мектеп және былтыр – 16 мектеп салынды.
Үш ауысымды сегіз мектепті, оны төрт аусымға қысқарттық. Бала толы 24 мектеп болды, олардың санын 14-ке дейін қысқарттық.
Алдағы уақытта біздер құрылыс қарқынынан бір жылға да тоқтатпаймыз. Мұндай жағдайда білім сапасына әсер етеді, сондықтан біздер мектеп салуды жалғастыра береміз, – деп түсіндірді әкім.
Әкімнің айтуынша, елордада жыл сайын 10-15 мектеп салу жоспарлануда. Биыл 16 нысанда құрылыс жүріп жатыр. Жыл соңына дейін 11 мектеп пайдалануға беріледі.
– Мектеп құрылысын қаржыландырудың үш көзі бар. Барлығын тек бюджет есебінен шешу қиын. Біз республикалық бюджет арқылы құрылыс жүргізіп жатырмыз, келесі көз – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, үшіншісі – жекеменшік мектептер, – деп атап өтті Алтай Көлгінов.