Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мармара университеті меморандумға қол қойды

Dalanews 24 мау. 2022 11:07 143

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Басқарма төрағасы – ректор Дархан Біләлов бастаған университет басшылығының Мармара университетінің (Стамбул қ., Түркия) делегациясымен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мармара университетінен келген делегация құрамында білім беру ісі жөніндегі проректор профессор Мұстафа Желен, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор профессор Хасан Қорқыт, бас хатшы, доцент Мұрат Арисал, халықаралық қатынастар және академиялық ынтымақтастық басқармасының бас директоры, профессор Нури Тиназ болды.

Кездесу барысында екі университет туралы ақпарат ұсынылды, олардың бірлескен жұмыс істеу мүмкіндігі талқыланды және екі жоғары оқу орны арасындағы неғұрлым тығыз әріптестіктің негізін қалайтын бағыттар келісілді.



Мармара университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді.


Осы кезеңде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 200-ден астам магистранты Мармара университетінде тағылымдамадан өтті.

Бұдан басқа Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты мен Мармара университеті арасында қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында қатар екі университет ректорлары өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x