Cоңғы жаңалықтар
Back

Дінтану ғылымының діңгегі

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттен білім алып, ғұмырын осы жердің өркендеуіне арнаған, жалпы ұлттық философияның дамуына аянбай үлес қосып, ғылымда өз жолын қалыптастырып, жеке академиялық мектеп аша білген қазақ баласына тән дархан мінезді ғалым  философия ғылымдарының докторы, профессор Қатыршат Шапағатұлы Шүлембаев  көзі тірі болса  85 ке келген болар еді.

Ол 1937 жылы 5 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында ұстаздар жанұясында дүниеге келген. Ғалымның шыққан тегіне көңіл аударар болсақ, Шүлембаевтар әулетінің үш буыны бала оқыту ісімен, яғни ұстаздықпен шұғылданған екен. Жастарға білім беру бағытындағы жемісті еңбектері үшін өз ауылдастарының ортасында беделді, елдің ризашылығына бөленіп жүрген жандар болған. Қазақ ауылындағы мұғалімге, оқытушыға деген құрмет осындай атадан балаға мирас болған ұстаздар әулетінің еңбектерінің арқасында қалыптасуда.

Сонымен қатар, оның өскен ортасы балалық шағынан Қатыршат Шапағатұлына зиялылық пен даналықты, адамгершілік пен білімге құштарлықты үйретті. Ол оған әсер етпей қоймады. Сол себептен де ол ерте кезден-ақ халықтың ауыз әдебиетіне, аңыздар мен қиссаларға құмар болып өсті. Нәтижесінде оны  философиялық ғылымға қарай бейімдеді.

Өзінің туып өскен жанұясы мен өмірге араласа бастаған кездегі қоғамдық қатынастар және әлемге аты шыққан Баянауылдың әсем табиғаты Қатыршат Шапағатұлына адамгершілік және қоршаған ортадағы әсемдік пен көркемдіктерді түсіну мәселелерін қойып алғыр перзентті  адалдыққа тәрбиеледі.  Көңілі әрдайым ақиқатқа тез жетсем, құбылыстардың терең мәнін тапсам деген құштарлық алғашында ауыз әдебиетіне жетелеп, оны философияның үлкен соқпағына қарай сілтеді.

Мектепте оқыған кезеңі ауыртпалықты соғыс жылдарына тап келсе де Қатыршат Шапағатұлы білімге деген құштарлық пен өнерге деген дарындылықты көрсете білді. Сол кездің өзінде-ақ домбыра үйреніп, ән салды, мектептегі көркемонерпаздар үйірмесін басқарып, әртүрлі соғыс жайлы, сол кездегі өмір жайлы спектакльдер қойды, Осы кездерде ерте пайда болған таланттың нышандары белгілі бола бастаған, оның куәсі деп сол кездегі республикалық «Қазақстан пионері» газетіндегі шыққан өлең жолдарын айтуға болады, сонымен қатар Қатыршаттың «Пионер» журналына жіберген  тырнақалды шығармаларына жазған халық жазушысы  Мұзафар Әлімбаевтың рецензиялары ғалымның жеке архивінде әлі күнге дейін сақтаулы екен.

Адам бойындағы табиғи дарын жас кезінде-ақ белгілі болады ғой. Ауылдағы жетіжылдық мектепті бітіргеннен кейін, өнерге, музыкаға ұмтылу Қатыршат Шапағатұлын Павлодар музыкалық мектебіне түсуге жетеледі, емтихан қабылдаған ұстаздардың айтуына қарағанда бұл қадамында да үлкен табыстарға жете бастаған. Дегенмен Қатыршат Шапағатұлын атадан балаға жалғасқан ата кәсібіне деген құштарлық Павлодар педагогикалық училищесінің студенті болуына себеп болды.

Аты аталған училищені үздік бітірген ол ұстаздық білімін одан әріде тереңдету үшін 1955 жылдың жазында арман қуып Алматыға келді. Құжаттарын қазақ жоғарғы оқуының қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық Институтының тарих-филология факультетіне тапсырады. Қатыршат Шапағатұлын халықтық музыка, көркемөнер, әсіресе ауыз әдебиеті және сол салалардағы алғашқы зерттеулер мен шығармаларды терең игеруге оқуда үздік болуға ықпал етті. Оның белсенділігі қоғамдық өмірге араласуы, жеке тұлғалық қасеттерін елге кеңінен танытты. Қатыршат институт қабырғасында жүріп-ақ алғырлығымен, ізденгіштігімен көзге түсті. Оның студенттік өмірі институт тіршілігімен араласып жатты. Жоғары оқу орнындағы комсомол комитеті хатшысының орынбасары қызметін қоса атқарды. Өз достарымен үнемі пікір алысып, студенттердің өз уақытын тиімді пайдаланудың жолдарын іздеп, оны көпшілік талқылауына ұсынып, замандастарына үлгі бола білді.

Ежелгі Грецияның ойшылы Платонның «кейбір оқушыларыма қамшы керек болса, Аристотельге ауыздық керек еді» – дегеніндей ауылдық жердегі жанұя мектебінде әбден шыңдалған оқушы, одан студент, әрі аспирант болған  Қатыршат Шапағатұлының  ұстаздары да осындай пікірде болды. Ол туралы оның замандастары жиі айтатын.

Институтта оқыған жылдары Қатыршат Шүлембаевтың зиялы азамат ретінде қалыптасуына зор әсерін тигізген ұстазы – сол кездегі КазПИ-дің ректоры, қазақ халқының біртуар азаматы, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин болды. Сол кездері ректордың студенттер жатаханасына келіп шахмат ойнап, студенттермен бірге табақтас болып отырып шәкірттеріне айтқан дәрістері мен ақыл-кеңестері өзіне өте үлкен әсер еткенін Қатыршат Шапағатұлы өзінен кейінгі шәкірттеріне  жиі-жиі айтып жүрді.

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін тәмамдаған соң 1959-60 жылдары – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының орыс және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы қызметінен ұстаздық жолын бастайды. 1959 жылы оқу орнын үздік бітірген ұйымдастыру қабілеті зор жігіт, Алматы қаласындағы Фрунзе (қазіргі Медеу) аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Ол енді өз өмірінде үлкен бетбұрыс болғанын, комсомол тұрмысына басшылық етудің оңай шаруа емес екенін біледі. Әртүрлі адамдармен араласып, тілдесу, олардың жан-сырына үңіліп, мұң-мұқтажын тындап, одан қортынды шығару Қатыршат Шапағатұлының өмірге деген жаңа көзқарастарын қалыптастырды. Өмірінің бір белесі ретінде Қатыршат Шапағатұлы ол жұмысты да абыройлы атқарады. Содан кейін 1961-64 жылдары Қазақстандағы Орталық мемлекеттік мұражайдың ғылыми қызметкері болып жұмыс жасады. Бұл қызметте ол өзінің  жанының тарихқа, ғылыми зерттеуге жақын екенін сезеді. Бұрын ұғынса да мән бермейтін кейбір жәйттерді көңілге түйіп, сарапқа салады. Әлі де болса терең зерттелмеген, құпияға толы адамның рухани дүниесін білуге деген құштарлық Қатыршатты ғылым жолына қарай жетеледі.

Туғанынан зерек жан өз білімін енді ғылыммен жалғастыруды көздеп өзі жоғары білім алған оқу орнында 1964-67 жылдары аспирантурада оқып оны тәмамдайды.  Бұл уақыт жеке тұлғаның қалыптасуына  ерекше ықпал ететін алмағайып кезең еді. Бір жағынан Кеңестік идеологияның қыспағы, екінші жағынан бірнеше тілді жетік меңгерген, әрі қазақтың салт-дәстүрінен таймаған жан үшін үлкен эволюциялық қыспаққа төзе отырып, өзін қалыптастыра алды деуге болады. Ол Кеңестік ақпараттық майданының алдыңғы шебінде жүруге тап болды. Мемлекет деген алып аппараттың меңзеп көрсеткен идеологиясы шеңберінде жұмыс жасай отырып, ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Ол кездегі ғылымның негізіне айналған атеизм мәселесіне ден қояды. Ол оны қазақ халқының өмір салтымен  діни сенім-нанымдарымен және атеистік тәрбиемен байланыстырап зерттейді және ғылыми атеизм идеясы коммунизмнің оның құрамдас бөлігі ретінде оған шын жүректен сенген еді.

Қатыршат Шапағатұлы Шүлембаевтың азамат және ғалым болып қалыптасуы өткен ғасырдың 70-ші жылдарына сәйкес келді. Осыдан бастап өмірінің соңына дейін осы университетте қызмет жасады. 1970 жылы философиядан Қазақстандағы дін танудың пайда болуы және оның даму жолдары «Қазақстандағы ислам діні» атты кандидаттық диссертация жазып, оны сәтті қорғап шықты. Түрлі ғалымдар ізденушінің еңбегі дінтануға қосылған зор жаңалық деп табылып, оның бұл еңбегі ғылымға қосқан елеулі үлесі ретінде бағаланды.

Қатыршат Шапағатұлы жиырма жылдан астам Қазақ педагогикалық институтының философия кафедрасын басқарды, бірнеше жыл тарих факультетінің деканы болды. Сондай-ақ, институттың партком секретарының орынбасары қызметін қоса атқарды. Осымен тоқталып қоймай Қатыршат Республикалық «Білім» қоғамының белсенді лекторларының бірі болып саналды. Қатыршат Шүлембаев өткізген әрбір лекция көңілге қонымдылығымен, өмірге жанасымдылығымен студенттердің жүрегіне жақсы ұялайды.  Осы еңбегінің бағасы ретінде «Білім» қоғамы «Белсенді қызметі үшін» үздік белгімен нагардталса, оқытушылық еңбегі еленіп Қазақстан Республикасының халық-ағарту  министрлігі «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапаттады.

1985 жылы ол әлеуметтік ғылымдар академиясында докторлық диссертацияны сәтті қорғап, философия ғылымдарының докторы дәрежесін алды. Сол кезде Ресей және басқа республикалардың ғалымдары Қазақстан философының зерттеулерін жоғары бағалады. Бұл кезеңде Қатыршат Шапағатұлы нағыз ғалым болып қалыптасып үлгерді де енді ол ұстаздықпен қатар ғылыми творчествомен айналысуға бет бұрған еді. Ол сабақ бере жүріп ғылыммен терең айналысып, аспиранттардың ғылыми зерттеулеріне өз қолғабысын тигізді.

Қатыршат Шапағатұлының ғылыми және педагогикалық қызметіндегі маңызды кезең оның 1975 жылы орыс тілінде жарық көрген «Маги, боги и действительность» монографиясы болды. Оның қаламы ұшталып, ғылыми мақалалар мен қатар ислам діні бойынша монографиялар жазады.  Әрине, сол кездің сұранысына сәйкес жауап беретін зерттеу жұмысының өзінде туған халқының салт-дәстүрін өте терең білетіндігі көрініп тұрды. Соның түйткілді мәселелеріне ерекше көңіл бөліп ғылыми талдаулар жасады. Дін мәселесіне келгенде: «Діннің тамыры, оны қоректендіретін көздер адам өмірінде ізделуі керек»- десе, ал қазақ халқының басты ерекшелігін: «Қазақтардың көшпелі өмір-салты сұрапыл табиғатпен, үнемі шексіз мұқтаждықпен және тайпа аралық  күресте жазбаша әдебиеттің пайда болуына ықпал етпеді, бірақ сұлулық, әдемілік, еркін және гүлденген өмір  туралы өз армандарын қазақтар  көптеген  ауызша шығармашылықтарында ескерткіш етіп қалдырды»- деп көрсетті. Қ.Ш. Шүлембаев классикалық философиялық мұраны ұғыну проблемасын ғылыми білім берудің негізгі  міндеті ретінде, ал философияны өткен мен қазіргі заманның диалогы үшін кең жол ашатын пән ретінде қарастырды.

«Традиции и обычаи, – писал Қ.Шулембаев, – являются зеркалом образа жизни людей…» [7]. И далее: «Обычаи по содержанию разделяются на исконно народные и религиозные… Религиозные обычаи появляются   исторически   позже…»   [8]. И это – очень важное замечание, так как, по моему глубокому убеждению, любое государство и любое общество в целом в данном вопросе должны опираться на национально-религиозные традиции, независимо от того, является государство светским или нет, ибо практически все религии (если, конечно, это религии, а не какие-то псевдорелигиозные формирования, в которых социальное и культурное поведение выходит за рамки общепринятых норм) делают упор на сложившиеся у них церковные традиции, при этом учитывают и национальные обычаи.

Ол өзінің «Образ жизни. Религия. Атеизм» атты зерттеуінде: «Салт-дәстүрлер, – деп жазды Қ.Шүлембаев, – адамдардың өмір салтының айнасы болып табылады…»  Бұдан әрі: мазмұны бойынша әдет-ғұрыптар бастапқы халықтық және діни болып бөлінеді… діни әдет-ғұрыптар тарихи түрде кейінірек пайда болады…». Бұл өте маңызды ескерту, өйткені менің терең сенімім бойынша, кез-келген мемлекет және кез-келген қоғам, бұл мәселеде, мемлекет зайырлы ма, жоқ па, ұлттық-діни дәстүрлерге сүйенуі керек, өйткені барлық дерлік діндер (егер, әрине, бұл діндер емес Әлеуметтік және мәдени мінез-құлық жалпы қабылданған нормалардан асатын жалған діни құрылымдар) ұлттық әдет-ғұрыптарды ескере отырып, оларда қалыптасқан шіркеу дәстүрлеріне баса назар аударады.

1975-80 жылдары –тарих факультетінің деканы болып қызмет атқарды. Ол туралы оның шәкірттері сол кездерді сағына еске алады. Бүгінде тарих ғылымының докторы, профессор Б.Берлібаев: Қатыршат Шапағатұлының адами қасиеттерін «нағыз демократ екенін, қазақтың ән-күйімен, өнерімен біте қайнасқан салт-дәстүрді  жақсы білетін нағыз  қазақшыл тұлға екенін, студенттерге үлкен әкелік мейірім, қамқоршы екенін» айтады.

1972-98 жылдары – философия кафедрасының меңгерушісі болып жемісті қызмет атқарды. Қатыршат Шүлембаевтың басшылығымен Абай атындағы ҚазПИ философия кафедрасы іргелі ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Сол жылдары Қазақстанда Орта Азия аумағында өзіндік орны бар үлкен философиялық мектеп пайда болды. Ол республикадағы дінтану ғылыми мектебінің негізін қалаушы болды. Егер бүкіл әлемді дүр сілкіндірген діни қайта өрлеу дәуірін еске алсақ, Катыршат Шапағатұлының ғылыми шығармашылығына деген сұраныс бізге түсінікті болады. Оның қаншалықты нәзік, өткір, өзекті мәселелермен айналысқаны белгілі болады. Шәкірт тәрбиелеп өзінің жеке мектебін қалыптастыру бағытындағы еңбегі де жеміссіз емес. Қатыршат Шүлембаев 20-астам ғылым кандидаттарын, 2 ғылым докторын дайындады. Олар Қазақстан Республикасының әр облыстарында жемісті еңбек етіп, ұстаз өсиетін әрі қарай жалғастыруда. Ғылыми мектептің негізгі бағыттарын анықтауда профессор Қ.Ш.Шүлембаев маңызды рөл атқарды. Бұл мектеп үлкен дінтанушы ғалымдар, профессорлар А.Ф.Окулов, Д.М.Угринович, В.И.Гараджа, А.Гордиенко сияқты мамандар мен ғылыми-пікір таластың және достық кеңестердің барысында Қазақстан Республикасының әлеуметтік, рухани-мәдени дамуының өзіндік ерекшеліктерін пайдалана отырып жүзеге асты. Республикадағы бұл мектептің бүгінгі таңдағы белгілі өкілдері ретінде ғылым докторлары Ғ. Есім, қазір академик, профессор А.В. Никифоров, қандай да бір жолмен, оның студенттері және ізбасарлары А. И. Артемьев, К. К. Бегалинова, Н. Л. Сейтахметова, Н.Г. Аюпов, Я. Ф. Трофимов және басқаларды атап өтуге болады. Оның зерттеулері мен еңбектерінде қазақ халқының рухани-мәдени ерекшеліктері, олардың уақыт бойынша дамуы, сенім ерекшеліктері кеңінен, жан-жақты көрініс тапты. Ал рухтарға деген сенім (аруақ) және Құдай алдында тағзым оларға бұрын зерттелмеген бағыттардың көмегімен ғылыми тұрғыдан түсіндірілді. Бұл жылдары Қ.Ш. Шүлембаевпен шығарылған дінтану мәселесі бойынша оқулықтар республиканың гуманитарлық білім беру жүйесі үшін үлкен теориялық және әдістемелік маңызға ие болды.

Тәуелсіздік елдегі көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға тың идеялар мен ұлттың болашағы үшін қызмет жасауға мүмкіндік сыйлады. Осыған орай тәуелсіздіктің алғашқы жылдары басқаплар мен қатар Қадыршат Шапағатұлы үшін үлкен эволюциялық көзқарас алып келді. Ол өзінің бұрынғы творчестволық бағытын өзгертіп, жаңа заман талабына сай бейімделе алды.

Атеистік дүниетанымдағы дағдарыстық құбылысқа қарамастан, социалистік қоғам мен коммунистік идеологияның күйреуіне байланысты Қатыршат Шапағатұлы дінтанудың даму перспективаларын көрді. Ол, атап айтқанда, жастардың әлемдік діндер мен дінтану тарихын оның дүниетанымдық бағыты үшін зерттеудің маңыздылығы мен қажеттілігін дәлелдеді. Себебі  әртүрлі діндерді ұстанатын немесе оларға бей-жай қарамайтын әртүрлі халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтау маңызды болатын көп ұлтты және көп конфессиялы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды назарынан шығармады.

Ол коммунистік парияның қатарынан өз еркімен кетті. Ол өз творчествосында қазақ даласынан шыққан және мұсылман әлемінде өз орыны бар тарихи  ғұлама тұлғаларды зерттеуге үлкен көңіл бөлді.  Оның бастамасымен «Әл-Фараби уақыт диалогында», «Ұлықбек: тарих және қазіргі заман» –  атты ірі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастырып соның басы қасында болды. Қ.Ш. Шүлембаевтың төрағалығымен өткен «Қазақстанның орнықты дамуы»- халықаралық конференциясы республиканың ғылыми және қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.

Қатыршат Шапағатұлы Шүлембаев қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда ерекше қабілеттілігін көрсете білді. Қатыршат Шапағатұлының қоғамның болашағын болжау бағытындағы үлкен жемісінің көрсеткіштерінің бірі өзі қалыптастырып, негізін қалаған Қазақстан Әлеуметтік Ғылымдар Академиясы. Нарықтық қатынастардың қалыптасып келе жатқан кезінде, ғылыми зерттеулерге мемлекеттен қаржы бөлудің жылдан-жылға кеміп келе жатқанын алдын-ала болжаған ол өзін-өзі қаржыландыратын Академияның негізін қалады. Бұл Академияның өміршеңдігі аз ғана уақыт өтсе де, қоғамда алып отырған орнымен, өткізіп жатқан бірнеше Халықаралық Ғылыми-тәжірбиелік конференцияларында Республикамыздың  зиялы қауымының көпшілігі қатынасып өздерінің ойларын ортаға салып, көптеген саяси әлеуметтік мәселелердің бүгіні мен ертеңін жалпы болашағын топшылаған еңбектері куә бола алды.

Профессор Қ.Ш. Шүлембаев шығармашылығындағы маңызды мәселелердің бірі –университеттік білім берудегі философияның мәні мен маңызы туралы, философияны және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудың сапасы туралы мәселе болды. Қ.Ш. Шүлембаев оқытудағы сапалы контентті жақсарту туралы ғана емес, білім беруді халықаралық жоғары стандарттаудың қажеттілігі туралы сұрақ қоя отырып, ойлаудың логикалық мәдениеті контексінде жүзеге асырылатын философияны оқыту үшін әдіснамалық тәсілдерді әзірледі. Осыған байланысты ол өркениетті әлемдік процесті, көп мәдениетті әртүрлілікті, көп орталықты, плюрализмді ескере отырып, әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда іргелі реформаларды қажет деп санады. Білім беру процесі жүзеге асырылған семантикалық құрылымдардың танымдық сәтсіздігі жаңа тәсілдерді, тұжырымдамаларды, тіпті гуманитаристикадағы іргелі көзқарастарды қайта қарауды қажет етті. Батыс Ғылыми-білім беру процестерінің маргиналдылығы мен артта қалуын болдырмау үшін әлемдік білім беру дискурсына интеграция қажет, бірақ өзінің мәдени-білім беру бірегейлігі мен мәдени егемендігін сақтау үшін өзінің мәдени дәстүрін сақтау керек деп санады. «Дәстүр мен инновацияның органикалық тепе-теңдігіне қалай қол жеткізуге болады?» – дегенге ол бұл мәселені аса маңызды мәселе деп санады. Ал оның шешімін қазіргі ғылыми процестерді дамытудың жаңа үрдістерін анықтауда және оларды біздің білім беру-ғылыми тәжірибемізде қолданудан көрді. Тек осылай ғана жаһандық кеңістіктегі философиялық бағыттармен диалог жағдайында қазақстандық философиялық дискурсты жүзеге асыруға болады- деп есептеді. Білім және ақпарат – олардың өзара толықтырылуы – профессор К.Ш. Шулембаевтың шығармашылық қызметінде өз негіздемесін алған тағы да бір өте маңызды мәселе.

Университеттің дамуына тәуелсіздіктің таңсәрісінде университет пен мектеп арасын байланыстыруға атсалысқан Қ.Ш. Шүлембаев басқарып отырған кафедраның жанынан ашылған лицейдің алған орны  ерекше. Оны кадрлармен қамтамасыз етуде және қалыптастыруға үлкен еңбек етті.  Онда 35 профессор, 75 доцент жұмыс істеді.

Қатыршат Шапағатұлы бірнеше жыл докторлық диссертациялық кеңестің төрағасы болды. Сонымен қатар, білім беру жүйесіне арналған маңызды үздіксіз білім беру жобасын енгізу бойынша экспериментті басқарды. Өзінің шығармашылық қаламынан шыққан 3 жеке монографиясы мен жоғарғы мектеп студенттеріне арналған 2 оқулығы және 150-ден астам ғылыми кітапшалары мен мақалалары Қатыршат Шапағатұлын жаңа табыстарға жетеледі.

Осындай творчестволық табысқа толы өмірінің жаңа белесіне көтеріліп келе жатқан ұстаз-ғалым күтпеген жерден өмірден озды. Өмірінің соңғы жылдарыда  ол кеңес беріп отырған  4 докторанты және жетекшілік ететін 2 аспиранты болды. Олар ұстаздарының ісін әрі қарай жалғастырды.  Ізденушілер Я. Трофимов және А.Копелиович, Н.Фокина, О.Пузанов сияқты докторанттары жетекшілерінің басшылығымен ғылыми монографиялық еңбектерін шығарды. Жоғарғы білікті мамандар даярлау барысында белгілі ғалым философия ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі Қатыршат Шүлембаевтың еңбегі өте  жоғары. Ол аз ғана ғұмыр кешседе  өзінің ғылыми мектебін қалыптастырып үлгерді деп айтса болады. Себебі тәуелсіздік оған үлкен мүмкіндіктер сыйлаған еді.

Халқы мен елі үшін талмай жасаған қызметі әсіресе Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеттегі ұстаздар даярлау саласындағы қажырлы еңбегі Қатыршат Шапағатұлын ұмытуға болмайтын ұстаз ретінде есте сақтары сөзсіз. Жыл сайынғы өткізілетін «Қ.Ш.Шүлембаев оқулары» оның куәсі десек болады. Сол басқосуда шәкірттері мен әріптестері Қатыршат Шапағатұлының басты адамгершілік қасиеті мен қатар ғылыми-шығармашылық еңбектерін талдап, өзін сағына еске алады. Олар Қ.Ш. Шүлембаев егерде тірі болғанда  оның шығатын асуларының биік әрі  шығармашылық жолында үлкен табыстарға жететініне сенімдері мол. Шындығындада ол солай болар еді.

Ж.Қ. Симтиков, саяси ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі