«Өрлеуде» ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мәселесі талқыланды

Dalanews 25 қар. 2021 04:38 211

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Британдық Кеңес халықаралық ұйымымен бірлесіп, ынтымақтастық шеңберінде «Future English Online Teacher Community Program» пилоттық жобасын іске қосты. Осыған орай, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алматы қаласындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімдер үшін баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Тілдерді оқытудағы әдістемелік тәжірибені шыңдап, педагогикалық құзыреттерді арттыру мақсатында ұйымдастырылған курсқа қатысушы мұғалімдермен өткізілген іс-шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» төраға кеңесшісі және республика бойынша жоба үйлестірушісі Сүлейменова Нұрсұлу Жалғасбайқызы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Садвакасова Раиса Аждаровна, сондай-ақ қалалық Білім басқармасының өкілдері қатысты.

Баспасөз конференциясының модераторы педагогика ғылымдарының докторы Садвакасова Раиса Аждаровна алғашқы сөз кезегін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының» төраға кеңесшісі және республика бойынша жоба үйлестірушісі Сүлейменова Нұрсұлу Жалғасбайқызына берді. Төраға кеңесшісі Халықаралық дәрежедегі жобаның құрылу мақсаты мен жобаның іске асырылу барысы туралы әңгімелеп берді. Бұдан кейін жиналғандардың назарына «Британдық Кеңестің онлайн мұғалімдер қауымдастығына қош келдіңіз» атты бейнеролик ұсынылды.

Бұдан әрі сөз алған Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Петрова Лариса Борисовна мұғалімдерді даярлаудағы халықаралық ынтымақтастықтың артықшылықтарын атап өтті. «Үздік педагог – 2020» республикалық конкурсының жеңімпазы, «Қазақстан мұғалімі – 2021» Ұлттық сыйлығының лауреаты, №200 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі мұғалімі Ишанғалиева Айгүл Мақсотқызы Халықаралық жоба бойынша зерттеу жұмысының еркшеліктеріне тоқталды.

Іс-шара соңында Алматы қаласынан «Future English Online Teacher Community Program» жобасы бойынша курсқа қатысушы мұғалімдер пилоттық жоба аясында көкейтесті сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.

Н.Әубәкір

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x