ҚазҰПУ-де мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері талқыланды

Dalanews 03 қар. 2021 09:39 315

Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы, Кәсіби даярлау бөлімінің аға оқытушысы С.Еркебаеваның ұйымдастыруымен «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың тиімді жолдары» тақырыбы аясында ашық семинар сабағы «5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3-ші курс студенттерімен өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ашық оқу семинарына оқытушылар, мектепке дейінгі әдіскерлер мен студенттер, магистранттар мен PhD докторанттары қатысты.

«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту теориясы мен әдістемесі» пәні негізінде жүргізілген ашық семинар сабағында студенттер, мектеп жасына дейінгі балаллардың сөздік қорын дамытудың тиімді жолдары мен инновациялық әдіс-тәсілдерді, теориядан практикаға бағытталған алдын ала дайындық жұмыстары негізінде тәрбиешінің күнделікті балалармен ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдап, жаңаша бағытта ұсынып, өздерінің алған білімдерін жан-жақты көрсетті.

№179 мектепке дейінгі ұйымның тәжірибелі педагогі Эльмира Шаумурнова өзінің іс тәжірибесінде қолданылатын тың әдістерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Ашық семинар сабағы SMART мақсатына жетіп соңында студенттер топтық жұмыста белсенді атсалысып балалардың сөздік қорын дамытудағы бірегей әдістердің бірі «Мнемотехника» әдісін, жаңа CANVA, GLIP платформаларында балаларға жаттау, ертегіні еске сақтаудың тиімді жолдарын көрсетті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x