Түркістан облысында 4 мұғалім жылдың «Үздік педагогі» атанды

Dalanews 29 қыр. 2021 19:24 310

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, Түркістан облысының төрт мұғалімі үздіктер қатарынан табылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы «Үздік педагог» байқауы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласындағы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұлтан Сүлейменов, Жетісай ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Пазылова, А.Исмаилов атындағы кәсәптәк колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мұхтар Мырзаев пен Мақтаарал ауданы, Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Тәрбие Әлібекова еліміздің ең үздік ұстаздары атанды.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы лауазымына Рақымбек Жолаев «Үздік педагог-2021» республикалық байқау жеңімпаздарын құттықтап, оларға алғыс білдірді. Еліміздің үздік педагогтеріне төсбелгілер тағылып, 3 млн теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сертификаттарды табысталды.

Республика бойынша 64 мектеп мұғалімі мен колледж оқытушылары үздік атанды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x