«Жанды сабақтар» жобасы бастау алды

Dalanews 21 қыр. 2021 18:18 223

Түркістан қаласындағы мектеп оқушыларының қатысуымен жаңа жоба бастау алды. Республикалық «Жанды сабақтар» жобасы аясында оқушылар тарихи орындарда болып, белгілі тұлғалардың сабақтарын тыңдайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім алушылардың бойына тарихи сананы, қазақстандық патриотизмді, өз елінің тарихына деген құрметті, ата-бабаларымыздың жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту мақсатында қолға алынған жобаның алғашқы сабағы өтті.

Түркістан қаласындағы бүкіл тарихи деректерден сыр шертетін «Сапар» орталығында басталған сабаққа С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушылары қатысып, оларға «OSST-tur» туристік компаниясының директоры, гид-экскурсовод Төрәлі Сыздықов көне шаһар тарихы жайлы сыр шертті.

Сондай-ақ ерекше дәріс «Әзірет Сұлтан» кесенесі аумағындағы тарихи әрі туристік орындарда жалғасты. Экскурсия барысында оқушылар мол мағлұмат алып қана қоймай, құнды жәдігерлерді өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Оқушылар сабақтан зор әсер алғандықтарын жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x