QS Graduate Employability Rankings-2022: Абай университеті рейтингте топ-501+ қатарына енді

Dalanews 23 қыр. 2021 11:59 155

Бүгін Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі әлем университеттерінің түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша QS Graduate Employability Rankings-2022 рейтингіcінің жыл сайынғы есебін жариялады. Абай университеті осы рейтингке алғаш рет қатысып, әлемнің 550 университеттері арасында 501+ орынға ие болды. Айта кету керек, университеттер рейтингіне қатысқандардың жалпы саны 679.

Рейтингке 8 Қазақстандық ЖОО қатысқанына қарамастан, тек үш университет (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Букетов атындағы ҚарМУ) «QS Graduate Employability Rankings» қорытынды кестесіне енгізілді. Abai University - түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша осындай маңызды рейтингке енген жалғыз педагогикалық жоғары оқу орны екенін мақтанышпен айтуға болады.

Рейтингке дайындалу кезінде жұмыс берушілер арасындағы қорытынды нәтиженің 30%, түлектердің табыстылығына – 25%, жұмыс берушілермен әріптестікке – 25 %, жұмыс берушілердің кампуста болуына – 10% , жұмысқа орналасуға – 10% жауап беретін әдістеме пайдаланылды. Айта кету керек, Абай атындағы ҚазҰПУ «Жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі» бойынша әлемде 38 -ші орынды иеленіп, жоғарыда аталған екі қазақстандық университетті басып озды. Атап айтқанда, бұл көрсеткіш бітіргеннен кейін 12 ай ішінде толық немесе толық емес жұмыспен қамтылған түлектердің пайызын өлшейді.

Университет «Жұмыс берушілер мен студенттердің өзара іс-қимылы», «Жұмыс берушілермен әріптестік» көрсеткіштері бойынша 201+ орынды, ал «Жұмыс берушілер арасындағы бедел», «Түлектердің табыстылығы» көрсеткіштері бойынша әлемде 301+ орынды алады.

Абай университетінің бұл рейтингтегі орнықтылығы оның мектептермен жоғары деңгейдегі тығыз байланысының барлығы мен «Mansap» орталығының түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесін жолға қойғандығының арқасында мүмкін болғанын атап өткен жөн. Осылайша, біздің университет ТМД елдерінің арасында педагогикалық білімнің көшбасшысы болуға тағы бір қадам жақындады.

Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымын жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x