#BizBirgemiz: Nur Otan бесленделері 40 мың баланы мектепке даярлауға атсалысты

Dalanews 10 қыр. 2021 10:11 161

«Nur Otan» бастауыш партия ұйымдарының мүшелері жыл сайынғы «Баланы мектепке даярлайық» акциясы аясында жаңа оқу жылына 40 мыңнан астам баланы даярлауға көмектесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Партия белсенділері көпбалалы және толық емес отбасылардың балаларына, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін еліміз бойынша кеңсе тауарлары, мектеп және спорт киімдері, сөмкелермен және басқа да қажетті заттар сатып алды.

Сонымен қатар, партияның Орталық аппараты бастауыш партиялық ұйымының мүшелері биыл жалпы сомасы 1,2 млн теңгеге 67 балаға көмек көрсетті. Ал, еліміз бойынша нұротандықтар жалпы сомасы 593,4 млн теңгеге 41 558 баланы мектепке дайындауға көмектесті.

– Арамызда осындай жанашыр партияластарымыздың көп болғаны қуантады. Біздің күшіміз – бірлікте! Осындай игі істері үшін барлық партияластарыма алғысымды білдіремін. Балаларға бүгінгі күні жасаған қамқорлық – олардың ертеңгі күні елімізге лайықты азамат болып өсуіне қосқан үлесіміз. Осы акцияның ұйытқысы – «Бақытты отбасы» партиялық жобасы, – деп атап өтті Орталық аппараттың БПҰ төрағасы Арыстанғали Арын.




Жалпы, оның айтуынша, «Nur Otan» балаларды қорғау және отбасы институтын қолдау мәселелеріне жіті көңіл бөліп отырады.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында «Бақытты отбасы» жобасы аясында өмірлік қиын жағдайда жүрген 136 мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 17 мыңнан астам бала бассейндер мен спорт клубтарына тегін бару мүмкіндігіне ие болды. Тоғыз облыста 545 тегін үйірме және 135 мыңнан астам балаға арналған 70 аула клубы ашылды.

Сондай-ақ, партия жанында Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес, «111 жедел қызметі» арнайы байланыс орталығы, сондай-ақ 2,3 мыңнан астам жедел әрекет ету тобы белсенді жұмыс істейді. 2025 жылға дейін әр қала мен ауданда өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балалы аналарды қолдау бойынша 234 орталық ашылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x