Түркістан. Өңірде салынып жатқан 44 мектептің 15 білім күні оқушыларды қабылдады

Dalanews 01 қыр. 2021 11:36 234

Түркістан облысында жыл соңына дейін пайдалануға берілетін 44 жаңа мектептің 15-і бүгін, білім күні 15 мектеп пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солардың бірі – Сауран ауданындағы жаңа Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елдімекенінде орналасқан №13 жалпы орта мектеп. 500 оқушыға арналған білім ұясында 30 мұғалім дәріс береді.

Заманауи үлгіде салынған үш қабатты білім ордасында үлкен спортзал бар. 100 орынды қамтитын асхана қарастырылған. Дәрігер бөлмесі жұмыс істейді. Жаңа оқу жылы Түркістан облысында 900-ден астам мектепте 500-мыңнан астам бала білім алады.



Түркістан облысы бойынша жалпы 78 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде облыстық бюджеттен 70 мектеп, «Ауыл-Ел бесігі» жобасымен 8 мектеп салынып жатыр. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 720 орындық Назарбаев Зияткерлік мектеп салынды.

Биылға жалпы 47 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 44 мектеп бюджеттік, 3-уі жеке инвестиция есебінен. Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x