Алматыда 12 600 оқушыға арналған 8 мектептің құрылысы қарқынды жүруде

Dalanews 24 там. 2021 14:20 267

Алматы қаласы әкімдігі мен құрылыс салушылар қалада ыңғайлы инфрақұрылым жасау үшін күштерін біріктіріп отырғанын Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сапар Нұрашевтың айтуынша, жыл соңына дейін 48 әлеуметтік нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде 38 нысанның құрылысы жүріп жатыр, ал 10-ы сейсмикалық күшейту және ғимараттарға күрделі жөндеу.

– Қазіргі уақытта 12 600 оқушыға арналған сегіз мектептің, 17 мектепке арналған жаңа ғимараттар мен №7 қалалық аурухананың құрылысы жүргізілуде. Кіші Алматы өзенінің жағалауын және Жамбыл көшесін Достық даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін реконструкциялау аяқталуға жақын, – деді Сапар Нұрашев.

№7, 40, 45, 54 мектептер мен №16, 114, 116, 141 бөбекжай-балабақшаларының ғимараттарын жөндеу жұмыстары мен сейсмикалық нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Спикердің айтуынша, Алматыдағы барлық жаңа мектептерді салуда заманауи әлемдік стандарттар және соңғы жетістіктер ескеріледі. Ол қазіргі балалардың заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңа кеңістікте білім алуға қызығушылық танытады деп есептейді. Сондықтан Алматыда жаңа типтегі мектептердің құрылыс процесі жалғасады.

Сонымен қатар, Алатау ауданында Теннис орталығының, Жас-Қанат, Құлагер, Алатау, Айнабұлақ-2, Кемел шағын аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ 2021 жылы 21 жоба іске қосылды. Мектептер мен балабақшалар күрделі жөндеуден өтеді, Кемел шағын ауданында ауысымына 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория, Балалардың жедел жәрдем орталығы, Depo Evolution Park, үйсіздерге әлеуметтік көмек көрсету орталығы, Мемлекеттік қуыршақ театрының жаңа ғимараттары, ал Бостандық ауданында төрт көлікке арналған өрт сөндіру депосы салынады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x