Абай университетінің Жазғы онлайн-мектебінде 180 оқытушы біліктілігін жетілдіріп жатыр

Dalanews 24 там. 2021 10:01 712

Оқу процесін цифрлық және дәстүрлі форматтарда тиімді ұйымдастыру мақсатында Абай университетінің Тестілеу орталығы 2021 жылғы 23 тамызда «Цифрлық педагог 2» Жазғы онлайн-мектебін ұйымдастырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жазғы онлайн-мектепте дәріс оқу және мастер-класстар өткізу үшін математика, информатика және физика институтының оқытушылар құрамы мен Тестілеу орталығының қызметкерлері тартылды.

Онлайн-мектептің жұмысын жандандыруға университеттің 180-ге жуық профессорлары мен оқытушылары қатысуда.

Жазғы мектеп жұмысында көптеген тартымды онлайн-платформалар қолданылуда. Атап айтсақ, «MS Teams педагогикалық өзара әрекет құралы», «Қашықтық курсының педагогикалық дизайны», «MS Teams-тегі төңкерілген сынып», «Интерактивті мазмұнды құрудың цифрлық құралдары: canva.com, power point + class point», «Онлайн режиміндегі жобалық жұмыс (Квест, уақыт лентасы)», «Бақылау және бағалау платформалары: Wordwall», «Oqylyq қашықтан оқыту жүйесі» сынды маңызды бағыттар кеңінен саралануда.

Сонымен қатар, практикалық жұмыстар барысында интерактивті оқытудың әртүрлі құралдарын зерттеуге, оқу нәтижелерін қалыптастыру мен бағалауға арналған құралдарға ерекше көңіл бөлінеді, олардың көмегімен ақпарат жинақтауға және оны оқу нәтижелерімен қалай байланыстыруға болатындығы туралы біліктілік қалыптастырады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар