Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі талқыланды

Dalanews 15 шіл. 2021 05:16 125

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова бастаған орталықтың қызметкерлері Нұрсұлу Сүлейменова, Бағдат Татижанова, Салтанат Әбділдіина өткен аптада заманауи талап деңгейінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру барысындағы өзекті мәселелердің түйінді шешімдерін бірлесіп қарастыру мақсатында Алматы қаласындағы «Ұстаздар үйіне» келді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кафедраның профессорлық-оқытушы құрамымен кездесуде Әсел Мұхаметжанова Ұлттық орталықтың қызмет көрсету аясын кеңейту мақсатында жасалған бірқатар жұмыстарға тоқталып, келешекте атқарылатын міндеттерге бағдар жасады. Институттың аға оқытушылары мен тренерлерінің курс сапасын арттыруға қатысты маңызды ұсыныстарымен танысып, ой-пікірімен бөлісті.

Қызмет бабындағы кездесу Алматы қалалық білім бақармасында жалғасты. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Әсел Мұхаметжанова, Басқарма төрағасының орынбасары Алима Ибрашева, «Өрлеу» БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ директоры Жансауле Макатова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры Раиса Садвакасова Алматы қалалық білім бақармасының бастығы Ләззат Жылқыбаевамен кездесті. Кездесу барысында біліктілікті арттыру курстарын жүйелі, сапалы өткізудің тиімді жолдары қарастырылды. Мектеп пен «Өрлеудің» арасындағы әріптестік, іскерлік байланыстар зерделенді. Бір мақсат, бір мүдде – оқушыға саналы тәрбие, сапалы білім беруді көздейтін басшылар мұғалімдерге қолдау көрсету аясында эксперименттік зерттеу алаңдарының, тірек мектептерінің  жұмысын жандандырудың өзектілігін талқылады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма басшысы Әсел Зейнулақызы курстарда мұғалімдердің білім алу мен кәсіби дағдысын қалыптастыруға жүйелі жұмыстардың жоспарланып отырғанын, Білім және ғылым министрінің тікелей тапсырмасы бойынша «Өрлеу» тамыз айында «Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту» курсын бастайтындығын жеткізді. Бұл курс – демалыста болған мұғалімдеріміздің ақпараттық-коммуникациялық біліктілігін арттырып, жаңа оқу жылына дайындығын еселей түседі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x