Алматыда жекпе-жек орталығы мен «Бокс әлемі» спорт кешені ашылды

Dalanews 06 шіл. 2021 11:25 319

Алматы қаласында Астана күні мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында қалада жаңа жекпе-жек орталығы мен «Бокс әлемі» спорт кешені ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполисті «Шетсіз қала» қағидаты бойынша дамытуға ерекше назар аударады. Бұл тарихи орталық пен оған қосылған аудандарды дамытуды көздейді.

Б. Сағынтаев Алматының жаңа ықшамаудандарында әлеуметтік маңызы бар нысандар, соның ішінде спорт мекемелері салып, орталық пен шалғай аудандары тұрғындарының жоғары өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз етуде біраз жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан үшін айтулы мереке құрметіне Алматының Алатау ауданында жекпе-жек орталығы ашылды. Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімдігінің өкілдері, атақты спортшылар, ауданның құрметті тұрғындары қатысты.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген Әйгерім ықшамауданындағы жекпе-жек орталығы жаттығу базасын құруға және спортшыларды дайындауға жағдай жасауға мүмкіндік беретінін айтты.

– Елбасы Қазақстанда спортты дамытуға ерекше мән береді. Тәуелсіздік алған  күннен бастап Алматыда заманауи спорт нысандары, спорт залдары, фитнес орталықтар салынуда. Аула клубтары ұйымдастырылуда. Бұл жыл сайын спортпен шұғылданғысы келетіндердің көбеюіне ықпал етеді. Енді мұнда балалар мен жасөспірімдер уақытын тиімді өткізе алатыны қуантады, – деді Қ. Құдайберген.

Жекпе-жек орталығына бірінші дәрежелі санаттағы және аз қамтылған  көпбалалы отбасыдан шыққан балалар қатыса алады. Мұнда қазақша күрес, самбо, джиу-джитсу бойынша спорттық секциялар өтеді.

– Өткен жылы ауданымызда 15 спорт алаңы, 6 футбол алаңы мен жаттығу алаңдары ашылды. Биыл Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолдауымен бұл жұмыс жалғасын тапты. 35 спорт нысаны ашылды. Соның ішінде спорт, воркаут алаңдары, жекпе-жек орталығы бар. Қала күніне дейін бірқатар басқа нысандар пайдалануға беріледі, – деді Алатау ауданы әкімдігі.

Әуезов ауданында ашылған «Бокс әлемі» спорт кешені қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың есімімен аталады.

«Бокс әлемі» спорт кешені 3 шағын ауданда орналасқан және 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында ашылған. Мұнда шамамен 50 бала жаттығатын болады. Аз қамтылған әрі көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін тегін секциялар жұмысы өтеді.

– Бүгін, бізде қос мереке ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Астана күні. Енді Әуезов ауданында болашақ Олимпиада чемпиондары жаттығатын тағы бір орын бар. Біздің ауданның боксшылары дайындыққа арналған арнайы базаға ие болып, ең үздік көрсеткіштерге және ірі жарыстарда жарқын жеңістерге қол жеткізеді деп ойлаймын, – деді аудан әкімдігі.

Орталық директоры Б. Сырлыбаев бокс залы барлық заманауи талаптарға жауап беретінін, соққыларды пысықтауға қажет барлық құрал-жабдықтар бар екенін атап өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x