Алматыда оқушылар үшін тегін үйірме мектебі ашылды

Dalanews 06 шіл. 2021 11:12 433

Бүгін Алматы қаласы, Медеу ауданында балалары дәстүрлі ән, шахмат, вокал, сурет салу мен домбыраға баулитын өнер мектебі ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты дамыту үшін мегаполисте қосымша білім беру жүйесі іске қосылды. Қазіргі таңда қалада мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру жобасы іске қосылған болатын. Бұл жоба 4 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік береді.

Астана күніне орай Медеу ауданы Қонаев көшесі, 25 мекен-жайында «Жас талант» әлеуметтік өнер орталығы салтанатты жағдайда ашылды.

Жаңа  білім беру орталығы күніне 30 баланы қабылдайды.

Жобаны жүзеге асыру үшін Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жас мамандары қызмет атқарады. Олар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша орталыққа жұмысқа орналасып сабақ береді.

Биыл барлығы 4,2 мыңнан астам бала мен жасөспірімді тегін үйірмелермен қамту жоспарда бар. Жан басына қаржыландыру аясында тегін спорт секцияларымен 4,5 мың адам қамтылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x