Жазғы мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету аясында

Dalanews 22 мау. 2021 14:47 316

Қашықтан оқу кезіндегі оқушының өткен сабақты игеруіне кедергі болатын қиындықтардың алдын алу мақсатында жазғы мектеп жұмысы қолға алынды. Білім сапасын арттыруды көздейтін мұндай ізгі шара елімізде тұңғыш тәжірибеге енгізілгендіктен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушылары мен тренерлері мектеп мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету аясында семинар, тренинг, онлайын-кеңес т.б. іс-шаралар ұйымдастыруда.

Атап айтсақ, 11.06.2021 ж. «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Айжан Есентаева №178 лицейдің қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, зерттеуші педагог, «Педагогикалық панорамалар идеясы» фестивалінің жеңімпазы Айман Ауелбековамен бірлесіп «Жазғы мектепте қазақ әдебиетінде көлемді шығармаларды оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында әдістемелік тренинг ұйымдастырып, «Қалай оқыту керек?», «Дара диаграмма әдісі», «Оқылым стратегиялары», «Мәтінмен жұмыс», «Анализ және интерпретация», «Бағалау және салыстыру» бойынша тәжірибелік әдістерімен бөлісті. Тренингке №96 ЖББМ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Зульфия Борашева бастаған қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Іс-шара соңында сабақ өтудің тиімді әдістерін ұсынған спикерлерге ризашылықпен алғыстарын білдірді.

Перуза Асылбек

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x