ШҚО. Үш мыңға жуық баланың тілегі орындалды

Dalanews 01 мау. 2021 11:03 164

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнінде үш айға созылған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аяқталды. 2016 жылдан бері Шығыс Қазақстан облыстық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Акцияның алты жылында бүлдіршіндердің 13 мың тілегі орындалды. Биыл балаларды қуанту 1 наурыздан басталған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Акция барысында Tylek.kz сайтында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерден, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан, ата-әжелері қамқоршы және ата-аналары мүгедек балалардан 2944 тілек хаттар орналастырылып, орындалды, –  деп хабарлады ведомство өкілдері.

Шағын хаттарында шығысқазақстандықтар әр түрлі өтініштерін білдірді. Оның ішінде қуыршақтар, велосипед, коньки, шаңғы, киім-кешектер, оқу құралдары мен кеңсе тауарлары да бар. Облыстың жанашыр халқының арқасында балалар барлық қалаған сыйлықтарын алды. Ең белсенді демеушілер облыстық Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x