Шымкент мектептерінде адам келбетін танитын ақылды турникеттер орнатылуда

Dalanews 15 мам. 2021 08:55 226

Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдары бейнебақылау камераларымен 100% қамтамасыз етілген. Одан бөлек қауіпсіздік  талаптары ескеріліп, ішкі істер органдарының жедел басқару бөлімшелерімен интеграцияланған бейнебақылау камераларын қосымша орнату жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көпфункционалды, жоғары мегапиксельді жүйе ауқымды сервермен қамтамассыз етілген.

Сонымен қатар жаңа оқу жылында мектеп фойелерін бақылау үшін оқушылардың, ата-аналардың өзге де  келушілердің бет-әлпетін арнайы есепке алатын турникеттер орналастырылады.

Өз кезегінде ата-ана баласының мектеп аумағынан келуі мен кетуін СМС хабарлама арқылы бақылай алады. Автоматты скандау кемінде 5 мың адамның түрі мен саусақ ізін айқындайды. Мәліметтер базада 2 жыл бойы сақталады.

Бүгінгі таңда барлық мектептерде жұмыс уақытында вахтерлар ал, түнгі мезгілге күзетші жұмыс істеуде. Одан бөлек, жергілікті білім беру ұйымдарына полиция департаменті тарапынан мектеп инспекторлары бекітілген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x