Жетісуда «Мың бала» ұлттық олимпиадасының екінші кезеңі басталды

Dalanews 05 мам. 2021 07:25 321

Білім бәскесінде балғындардың бәсі жоғары болуы үшін, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы түрлі зияткерлік додаларды  жүзеге асырады. Соның ішіндегі ірі жобалардың бірі – «Мың бала» Ұлттық олипиадасы.

Жарыс ауылды жерлердегі 5-6 сынып оқушылары арасында өткізіледі.  2020 жылы аталған сайыс бірінші рет бастау алған болатын. Биыл, Елбасының «Ел Үміті» бастамасын іске асыру шеңберінде жоспарланған білім додасы екінші рет өткізіліп отыр.

Ағымдағы жылы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасына тіркелу жұмыстары 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында  жүргізіледі.  29 мың оқушы олимпиадаға қатысуға өтінім берген. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар  1050 өрен білім сайысының 2-кезеңіне жолдама алды.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады.  Бірінші кезеңде,  логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Олимпиаданың екінші кезеңі облыстық тестілеу орталықтары базасында офлайн өткізіледі. Бұл кезеңде қатысушылар,  «Математикалық сауаттылық»,  қазақ тілінде оқитын оқушылар үшін «Қазақ тілі», орыс тілінде оқитын оқушылар үшін «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндері бойынша академиялық білімдерін бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді.

Айта кетейік, өткен жылдың жеңімпаздары да олимпиадаға қатыса алады, оларға тестілеудің II кезеңінен бастап қатысу құқығы берілді.

Олимпиаданы өткізу кезінде оқушылардың танымдық және академиялық дағдылары онлайн және офлайн режимінде компьютерлік тестілеу арқылы бағаланады. Олимпиада тестілерін кәсіби мамандардың мамандандырылған жұмыс тобы тест сұрақтарын әзірлеудің халықаралық стандарттарын ескере отырып құрастырылған. Сондай-ақ, тест сұрақтары ауыл мектептерінің оқушыларына арнайы бейімделіп жасалған.

«Жобада үздік шыққан өрендерге, Алматы облысындағы мамандандырылған білім мекемелерінде оқу үшін грант алу мүмкіндігі беріледі.  Бір ескертерлігі, аймақтағы үздік оқу орындарына 6 сынып оқушыларының арасындағы дарындылар ғана қабылданады. Ал, 5 сынып оқитын балар арасында топ жарғандар  Елбасы Академиясының «Бірге оқу» онлайн-мектебінде пәндік дайындықтан өтеді»,-дейді «Жетісу Дарыны» КММ басшысы Алишер Башаров.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x