Жаңаөзендік оқушы гипстен мүсін жасайды

Dalanews 21 сәу. 2021 14:57 455

Жаңаөзен қаласындағы №21 орта мектептің 6-сынып оқушысы Жанболат Берікұлы мүсін жасау өнерімен айналысады. Қазір ол ағаштан түрлі кәдесый жасап, бұйымдарға тапсырыс қабылдайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Жанболаттың атасы елге танымал шебер – Қуан Әлиев. Баламыз атасына ұқсап, мүсін жасауды 4 жасынан үйренген. Атам секілді шебер боламын деп талпынады. Жанболаттың жетістіктерге жетуіне мектептегі ұстаздарының да ықпалы зор. Олар баламды үнемі түрлі сайыстарға қатыстырып отырады, – дейді Жанболат Берікұлының анасы Жаннат Арықбаева.

Талантты оқушы мүсін жасау өнерімен ғана шектелмейді. Мектептегі мерекелік шараларда ән айтып, белсенділігімен көзге түсіп жүрген үлгілі оқушылардың бірі.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x