Талантты спортшының көпшілігі ауылдан шығады

Dalanews 30 нау. 2021 05:17 336

Жетібай ауылындағы спорт мектебінің жаттықтырушысы Фуркат Қалмұратов үздік спортшыларды дайындады шығарды. Бұл туралы Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараев мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық бөлім басшысының айтуынша 2 спорт шеберін және 9 спорт шеберіне үміткеркерлерді дайындаған Фуркат Қалмұратов қара түсті белбеу иесі. Бұдан бөлек оның бірнеше шәкірті республикалық және халықаралық жарыстарда алдыңғы қатардан көрініп келеді.

– Үміт артқан әр шәкірттім биік шыңға жетсе үнемі қолдап, қуанып отырамын. Мәселен, «Таэквон-до WTF» спортынан, «Kazakhstan Open», «Turkish Open», «Don Cup», «Fujiaran Open», «1st Asian taekwondo Open» сынды рейтингтік жарыстарда орын алған жүлегерлер спортшыларым бар. Олар, Шахноз Исметуллаева, Камила Расулқызы және Нұрғиса Амангелдіұлы. Қазіргі уақытта алда өтетін үлкен додаларға дайындық үстіндеміз, – дейді Фуркат Қалмұратов.



Өңір намысын қорғап, байрақты бәсекелерде топ жарған жетібайлық спортшылар өз тілектерін де жеткізді.

–  Таланттың бәрі ауылдан шығатыны белгілі. Шалғай ауылдарда осындай спорт мектебі ашылғанына өте қуаныштымыз және үнемі рахмет айтып жүреміз. Болашақта Қазақстан атын әлемге танытып, биік белестерді бағындыратынымызға сенімді түрде айта аламыз, – деді спорт шеберлері.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x